Қол жетімді статус – бұл оның қалыптасуы үшін адам нақтылы іс-әрекетті іске асыратын, арнайы күш-жігер жұмсайтын статус (депутаттың, профессордың, офицердің жоғары білімі бар адамның статусы және с.с.)
Макроәлеуметтану – әлеуметтануда талданудың әр алуан деңгейлері болады. Макроәлеуметтану – бұл ірі қауымдастықтар (қала, діни конгрегация) деңгейіндегі болмаса аса абстрактылы түрде түсінілетін әлеуметтік жүйелердің және әлеуметтік құрылымдардың деңгейіндегі талдануы.
Матриархат – бұл термин антропологияда әйелдер билік ететін қоғамды белгілеу үшін ХІХ ғасырда қолданылды. Қазіргі уақытта ол отбасы басшысы әйел, ал шығу тегі әйел жағынан жалғасатын отбасылық қарым-қатынасты белгілей отырып, аса тар мағынада болады.
Маргинал – әр түрлі әлеуметтік топтардың, жүйелердің, мәдениеттердің шегінде тұрған, олардың нормаларынан, құндылықтарының және с.с бір-біріне қарама қайшы келетіндердің ықпалын бастан өткерген адам.
Мәдениет – бұл осы қоғам үшін тән болып келетін құндылықтар, нормалар мен өнімдер.
Микроәлеуметтану – әлеуметтанулық талдаудың осы дәрежесінде адамдардың тікелей әлеуметтік өзара әрекеттестігі топ кіші топтардың тұлғааралық мінез-құлқы қарастырылады.
Моногамия – некеге тек бір жұбаймен тұру тәжірибесі.
Некелік мінез-құлық – некелік әріптестің таңдауын ортақ ететін және некеге тұратын іс-әрекет пен қарым-қатынастар жүйесі.
Неке – ересек ер мен әйел арасындағы әлеуметтік түрде нақтыланған және кейде заңды түрде расталған одақ.
Нормалар – бұл нақтылы әлеуметтік қауымдастықта қабылданған мінез-құлық ережесі. Нормалар мінез-құлықтың нақтылы типін тағайындайды немесе тыйым салады.
Отбасы – бұл әлеуметтік институттың және кіші әлеуметтік топтың белгілері болатын әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік институт ретінде отбасы жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа да туыстардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Отбасы саясаты – отбасының өз функцияларын әлеуметтік түрде қорғауы, нақтылы типтегі отбасыларға арнайы түрде қолдау көрсету бойынша оңтайлы болатын мемлекеттік және басқа да қызметтердің әрекеті. Демографиялық саясаттан айырмашылығы – отбасылық саясат қандай да бір демографиялық нәтижелерге жетуге бағытталған.
Онтогенез – ағзаның ұрықтануынан өмірінің соңына дейінгі мезетінде ондағы барлық бірізділіктік қайта құрулар мен өзгерістерді қосатын, дербес ағзаның даму үдерісі.