Патриархат – ер адам отбасылық, шаруашылық, қоғамдық өмірде басыл рөл алатын әлеуметтік ұйымдасушылық формасы.
Респондент – ауызша немесе жазбаша ақпараттың дереккөзі болып табылатын нақтылы әлеуметтанулық зерттеулерге қатысушы.
Саяси-дәстүр– әлеуметтік және мәдени мұраның бір бөлігі, ол ұзақ уақыт бойына қоғамда немесе әлеуметтік топтардың арасында сақталады және құндылықтар мен нормалардың жүйесіне кіреді.
Секулияризация – қоғамның, мәдениеттің әртүрлі әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалар діни санкцияланудан және ықпалдан босап шығатын үлкен секторының нәтижесінде болатын үдеріс.
Стратификация критерийлері– бұл қоғамның жеке бөлінуі үшін негіздеме ретінде көрініс беретін адамдардың әлеуметтік емес белгілері (табысы, билік, кәсібі, беделі).
Топ – әлеуметтік топтар – бұл нақтылы өзара әрекеттестікке кірісетін және әлеуметтік қарым-қатынастарды құрайтын жеке тұлғаның ұжымдары. Ч. Х. Кули топтарды бастапқы және қосалқы деп жіктеген. Бастапқы топтар-бұл жеке тұлғалардың тікелей өзара әрекеттестігі күшінде қалыптасатын аздаған топтар. Бұл категорияға отбасын, достар топтарын және көптеген жұмыс топтарын жатқызуға болады. Қосалқы топтар көлемдері бойынша үлкен және олардың мүшелері бір-бірімен тікелей түрде өзара әрекеттеспейді.
Толық емес отбасы – ата-анасының біреуі бар отбасы.
Ұрпақ – нақтылы жас ерекшелік аралыққа тиесілі адамдардың жиынтығы.
Ұлттық мемлекет – бұл қазіргі әлемге тән болып келетін, мемлекеттің ерекше түрі, онда үкімет нақтылы территорияға билік етеді, халықтың көпшілігі өзін бірыңғай ұлттың бір бөлігі сезінетін азаматтар болып табылады.
Үлкен топтар –бұл өзара әрекеттестігі әлеуметтік-аралық сипат алатын ондаған, жүздеген және мыңдаған адамдарды қосатын әлеуметтік топтар.
Халық – адамдардың мәдени-тарихи қауымдастығының бірдей шығу тегінен және тілімен байланысқан елдің, мемлекеттің халқы.
Халықтық – ұлттың алдындағы, адамдардың тілдік, территориялық және мәдени қауымдастығымен тарихи түрде қалыптасқан түрі.