Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет9/25
Дата27.03.2023
өлшемі223,54 Kb.
#76544
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
лекциялар 2

Бақылау сұрақтары: Отбасының шығу тегі және оның формаларының эволюциясы. Отбасының құрылымы және функциялары. Отбасылық саясат. ХХ ғ. Отбасының модернизациясы.
Тақырып: Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау


Девиация мен әлеуметтік бақылау. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық). Аномия мен қоғам. Деликвенттілік және қылмыс.
Басты терминдер: девиация, әлеуметтік норма, әлеуметтік бақылау

Ешқандай да қоғам әлеуметтік бақылаусыз оны айналып өте алмайды. Кездейсоқ түрде бірге жиналған адамдардың аздған тобының өзіне ең қысқа мерзімде ажырап қалмау үшін бақылаудың арнайы тетіктерін таңдап алуға тура келеді. Қоғамға қатынасы бойынша болатын әлеуметтік бақылау күзеттік және тұрақтандырушы функцияларды орындайды. Әлеуметтік бақылаудың өзі биліктік өкілеттіктердің орындалуы көмегімен болатын қоғамдық тәртіліптілікті ұстап тұрудың ерекше тетіктерін білдіреді және өзіне әлеуметтік нормалар, санкциялар, билік сияқты түсініктерді қосады.


Қандай да болсын қоғамда нормалар болады. Нормалар адамдарға қоғамда өзара іс-әрекет етуге, өзіндік бағыттылықтар сапасында көрініс берулеріне көмектеседі. Әлеуметтік норма заңдарда, салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда қолдау табады, яғни қоғамдық және тұлғааралық қарым-қатынастарды реттеуші рөлін барлық жағынан алады. Әлеуметтік нормалар – бұл орындалуы қандай да болсын топтың немесе қоғамның мүшесінен күтілетін үлгілер, іс-әрекет стандарттары, мінез-құлық ережелері және ол санкциялардың көмегімен қолдау тауып отырады. Әлеуметтік нормалар реттілікті, әлеуметтік өзар іс-әрекеттіліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. [1, 204 б.].
Қоғамның нормативтік жүйесі қатып қалған нәрсе емес, олар өзгере алады. Уақыт өте келе нормалардың өздері ғана емес, сонымен бірге оларға деген қарым-қатынас та өзгереді. Көпшілікпен қадағаланатын, қоғамда үстемдік ететін әлеуметтік-мәдени құндылықтарды мойындаумен сипатталатын мінез-құлық типі конформизм деп аталады [2, 179 б. ]. Нормалардың толық қабылдануы конформизмде (толық келісім жасау) көрініс береді, ол нормалардан ауытқушылық – бұл девианттық мінез-құлық.
Девиация – бұл «қалыпты нәрседен» ауытқитын, қатып қалған нормалардың қирауына алып келетін және қоғам мен әлеуметтік топтардың басым болатын өкілдерінің тарапынан айыптаушылыққа кез болатын әлеуметтік мінез-құлық [2, 94 б.].
Әлеуметтік нормалар – қоғамнан мақұлдау табатын мінез-құлықтың жазылымдары, талаптары, тілектері мен күтілімдері. Әлеуметтік нормалар масштабымен (көлемімен) ерекшеленеді, ол нормалардың екі негізгі типінде анықтайды. Бірінші тип – бұл тек кіші топтарда ғана пайда болып өмір сүретін нормалар. Мысалы, достардың, отбасының, спорттық команда арасында. Американ әлеуметтанушысы Эльтон Мэйо танымал Хоторндық эквсперименттерін жүргізді. Бұл «Western Electric» («Вестерн Электрик», Чикагоның маңындағы Хоторн) кәсіпорынындағы ірі көлемді және ұзақ мерзімді (1927 жылдан 1932 жылға дейін) әлеуметтік эксперимент. Осы эксперименттің нәтижесінде өндірістік бригадаға қабылданған тәжірибелі жолдастардың жаңа өкілдеріне көрсетілінген нормалар табылды: а) «өзіңдікілермен» ресми түрде алыс болмаса; в) «өзіңдікілерге» қарағанда басшылықпен жиі араласпа; г) өз жолдастарыңа қарағанда өнімдерді көп даярлама [3, 281 б.].
Екінші тип – бұл үлкен топтарда немесе қоғамда толығымен пайда болатын және өмір сүретін нормалар. Бұл салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, заңдар, этикет, мінез-құлық ауысымдары.
Әлеуметтік нормаларды олардың орындалуы қаншалықты қатаң түрде талап етілуіне байланысты жіктеуге болады. Бір нормалардың бұзылуы үшін жеңіл жаза- жақтамау, жағымсыз көзқарас, жек көрушілік көрініс береді. Басқа нормалардың бұзылғаны үшін өте қатаң санкциялар – елден қуу, абақтыға қамау орын алады.
Санкциялар – бұл әлеуметтік нормаларды қолдауға бағытталған мақұлдау мен мадақтау, болмаса, мақұлдау және жазалау [1, 312 б.].
Санкциялардың төрт типін бөліп көрсетіледі:

  1. Формальдық позитивтік санкциялар – бұл ресми ұйымдардың тарапынан болатын баспасөздік мақұлдау (үкіметтік, меншік ұйымдарда). Олар марапаттау, сыйлықтар, ғылыми дәрежелер, атақтар және с.с. түрінде орын алады.

  2. Формальды емес позитивтік санкциялар – бұл ресми ұйымдардан туындамайтын басылымдық мақұлдау. Оларға жататыны: мақтау, мойындаушылық, құрмет, даңқ.

  3. Формальдық негативтік санкциялар – бұл билік органдарының заңдарымен, жарлықтарымен, нұсқауларымен және басқа да актілерімен қарастырылатын жазалаушылық. Бұл қалау, айыппұл, жұмыстан босату, шіркеуден кету және т.б.

  4. Формальды емес негативтік санкциялар – бұл ресми институттар қарастырмайтын жазалаулар. Оларға ескерту, ұялту, мазақ ету, зілді әзілдер және с.с. жатады [4, 142 б.].

Бір жағдайларда әлеуметтік санкциялардың қолданылуы бөтен адамдардың қатысуын, ал басқа жағдайларда қатыспауын талап етеді. Мәселен, жұмыстан босату мекеменің кадр бөлімімен рәсімделеді және бұйрықтың шығарылуын ұйғарады.
Егер де санкциялардың қолданылуын адамның өзі жасайтын болса, өзіне бағытталса, және іштей орын алса, онда бақылаудың мұндай формасын өзіндік бақылау деп атайды. Өзіндік бақылау – бұл жеке тұлғаның сол мезеттік тілектердің импульстылығын тікелей алу қабілеті [2, 177 б.].
Өзіндік бақылауды ішкі бақылау деп те атайды. Ар-ұят – ішкі бақылаудың көрініс беруі.
Өзіндік бақылаудан айырмашылығы – ішкі бақылау – бұл мінез-құлық пен заңдардың жалпыға бірдей қабылданған нормаларының сақталуын кепілдендіретін институттар мен тетіктердің жиынтығы.
Ішкі бақылау формальды емес және формальды деп бөлінеді. Формальды емес бақылаудың өзі әлеуметтік топтың жеке тұлғалық бағаланулары арқылы іске асырылатын бақылауды білдіреді. Формальды бақылау арнайы билік қызметкерімен – полициямен, сотпен, тәртіп және күзет қызметімен іске асырылады [2, 177 б.].
Формальды бақылау билік пен әкімшіліктің ресми органдарының тарапынан мақұлданады немесе айыпталады. Формальды емес бақылау туыстардың, достардың, ұжымдастардың, таныстардың және де қоғамдық пікірдің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тарапынан да мақұлдануға келе айыптауға негізделген. Формальды бақылау тарихи түрде күрделі қоғамдар және мемлекеттердің пайда болу кезеңі басталған кезде, формальды еместен кейін пайда болды. Қазіргі қоғамда формальды бақылаудың маңызы айтарлықтай өсе түсті. Көп миллиондық елде тәртіп пен тұрақтылықты ұстап тұру қиын. Формальды бақылау, елдің барлық территориясында әрекет етеді, сондықтан да қазіргі заманғы қоғамдарда ол аса тиімді. Формальды бақылауды қазіргі заманғы қоғамның соттар, білім беру, өндіріс әскер, БАҚ, саяси партиялар, үкімет сияқты институттары да іске асырады.
Барлық уақытта да қоғам адамдық мінез-құлықтың жағымсыз нормаларын басып тастауға тырысты. Жағымды жағынан да, жағымсыз жағынан да орын алған нормалардан шұғыл бас тарту қоғамның тұрақтылығына қауіп тудырды.
Мінез -құлықтың девианттық ретінде нақтылануы уақытқа, адамдардың тұратын жерлері мен тобына байланысты. Мәселен, егер де қарапайым адамдар сағаналарды сындырып тастаса, онда оларды вандалдар ретінде таңбалайды, егер де осыны археологтар жасайтын болса – онда оларды жаңалық ашушы ғалымдар ретінде айтады,. Қоғам қандай да болсын мінез-құлықты девианттық деп санауды немесе санамауды өзі шешеді.
Қоғамдық пікірден қолдау таппайтын мінез-құлықты девианттық деп атайды. Девианттық мінез-құлықтың түріне қылмыстық әрекетті, ішімдік ішуді, жезөкшелікті, наркомандықты және с.с. жатқызуға болады. Тар мағынасында девианттық мінез-құлық деп өзіне қылмыстық жазалауды болдырмайтын мінез-құлықты, яғни құқықтылыққа қарсы келмейтін мінез-құлықты жатқызады.
Девиация – позитивті (жағымды) және негативті (жағымсыз) болуы мүмкін. Позитивтік девиация – бұл қоғамда көтермеленетін нормалардан ауытқушылық. Позитивтік девианттар дарындылар, батырлар, рухани көшбасшылар болып табылады.
Позитивтік девиация жүйенің прогрестке сай келгенде, оның ұйымдасушылық деңгейін жоғарылатқанда, ескірген, консервативтік немесе тіпті реакциялық мінез-құлық стандарттарын болдырмауға көмектесетін жағдайда орын алады. Позитивтік және негативтік девианттық мінез-құлықтың формаларының ара шегі уақытта және әлеуметтік кеңістікте жылжымалы болып табылады [5, 62 б.].
Әлеуметтанушылар негативтік девиацияны зерттейді. Негативтік девиация – бұл қоғам айыптайтын және соңынан жазалануды алып жүретін мінез-құлық. Негативтік девианттарға қылмыскерлерді, наркомандарды, ішімдік ішушілерді, жезөкшелерді жатқызады.
Қылмыс жасау мен девиацияның басқа да формаларын биологиялық сипатта болады. Француз антропологы Брока қылмыскерлердің бас сүйегі мен миының құрылымынан ол оның заңды құрметтейтін халықтан ерекшеленетін ерекшеліктерін көре білді. Итальяндық криминалист Чезаре Ломброзо ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында жұмыс жасай отырып, бірқатар адамдар қылмыстық бейімділікпен туылып және де олар туралы қорытындыға келді. Оның пікірінше, қылмыстық типтер бас сүйегінің формасы бойынша нақтылануы мүмкін. Ол әлеуметтік тәжірибенің криминальдық мінез-құлықтың дамуына ықпал ететінін жоққа шығармады, бірақ та оның негізгі идеясы қылмыскерлердің көпшілігі биологиялық түрде деффективті екендігінен тұрды. Соның салдарынан биологиялық идеялар толықтай жоққа шығарылды [6, 125 б.].
Дау-жанжалдың, девиантологиялық алғашқы теорияларының бірі – Т.Силгеннің мәдениеттер жанжалы тұжырымдамасы болды, мұнда мәдениеттердің жанжалы бір мәдениет өкілдерінің басқа мәдениеттің таралуы ортасына түскен кезде пайда болатыны нақтыланды [7, 79 б.].
Девиацияны зерттеудің психологиялық бағытының негізінде көрнекті австриялық дәрігер Зигмунд Фрейд жасап шығарған және психологтар – Э.Эриксонның, К.Лоренциннің, Э.Фромның, А.Адлердің және көптеген басқа ғалымдардың еңбектерінде дамытылған психоанализ жатыр. Фрейдизмді жақтаушылар агрессиялық мінез-құлық пен қылмыстылықты өз негізінде адамның мінез-құлқының табиғи түрде көрініс беруі сапасында қарастырады.
З.Фрейдтің пікірінше біздің моральдық сапаларымыздың көпшілігі біз ерте балалық шақта үйреніп алатын дербес шектеулерден болып жатады. Психопаттарды күштеудің өзіндік мәнінде қанағаттанушылық ала білетін, өзімен-өзі тұйық адамдар ретінде сипаттауға болады. Психопаттық белгілері бар жеке адамдар кейде ауыр қылмыстар да жасайды. З.Фрейдтің немесе басқа да психологиялық тұжырымдамалар ілімінен келіп шығатын, қылмыстылықтың психологиялық теориялары, ең жақсы жағдайда қылмыстылықтың тек бірқатар аспектілерін ғана түсіндіре алады [6, 126 б.].
Девианттылық әлеуметтануының экономикалық теориялары К.Маркстің, Ф.Энгельстің, В.Бонгердің, Г.Беккердің жеке т.б. есімдерімен байланысты К.Маркс пен Ф.Энгель «Коммунистік партияның манифестінде» (1848 ж.) экономикалық детерминизмнің негіздері енгізіледі, ал девианттық мінез-құлық экономикалық бейімдердің жанама түрдегі өнімі болып табылады. К.Маркс кісі өлтірушіліктің, өзі-өзі өлтірушіліктің және өлім жазасының арасындағы корреляциялық байланыстылығының болуына назар аударды. Ғалым жазалаудың қаталдығы қылмыстылықтың қаталдығын туындатады және керісінше емес. В.Бонгер «Қылмыстылық және экономикалық жағдайлар» кітабында қылмыстық экономикалық жүйенің рөлін негіздейді. В.Бонгер бойынша, қылмыстылық дегеніміз – қоғамның төменгі жіктерінде шоғырланған, сондықтан да заң шығарушы кедейшілік пен қайыршылықтан туындайтын әрекетті криминальдайды [7, 73 б.].
Қазіргі кезеңде девианттық мінез-құлық өкінішке орай, кеңінен таралған. Девианттық мінез-құлықты әлеуметтанушылар, медиктер, психологтар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері зерттейді. Осы әлеуметтік құбылысты депорминациялайтын себептерді, факторларды және жағдайларды түсіндіру өзіндік мәні бар міндет болып табылады.
Американдық әлеуметтанушы – Роберт Мертон девиацияның негізгі себебін қоғамның мақсаттары мен осы мақсаттардың іске асырылуының қолдау табылатын әлеуметтік құралдарының арасындағы қабыспауы деп санады. Осыған сәйкес түрде ол өз көзқарасы тұрғысында қоғамға деген бейімделушіліктің сол типтерімен бірге жүретін мінез-құлықтың типтерін бөліп көрсетеді. Роберт Мертон мақсат-құралдар диалемасындағы реакциялардың бес типін бөліп көрсетеді,олардың төртеуінің өзі девианттық мінез-құлықты білдіреді.
Мінез-құлықтың бірінші типі-конформизм. Конформизм – бұл қоғам мүшелеріндегі материалдық табысқа жетудің барысындағы олардың мәдени мақсаттары қоғамдағы оларға қол жеткізудің нақтыланған құралдарымен толықтай сәйкес келуі.
Девианттық мінез-құлықтың екінші типі – инновация. Ол мақсаттармен болатын келісімді жөн санайды, бірақ қоғамдағы оларға қол жеткізудің құралдары жоққа шығарылады. Мысалы, байлыққа қол жеткізу мақсатын қабылдай отырып, төменгі тап өкілдері абыройлы қызметпен айналысу, білім алу, экономикалық табыс сияқты қол жеткізу құралдарын пайдалана алмайды. Бұдан мақсатқа қол жеткізудің заңсыз тәсілдеріне: рекетке, алыпсатарлыққа, бопсалауға, наркотиктер саудасына, ұрлыққа, алаяқтыққа бейімділік келіп шығады және т.б.
Үшінші типі – ритуализм. Ол қоғам мүшелерінің мақсаттарды жоққа шығаруынан, бірақ та қоғам мақұлдаған қол жеткізушілік құралдарын қабылдаудан тұрады. Мысалы, ұйымның мақсаттары бірқатар қызғаншақ бюрократтары үшін маңызды болудан қалады, бірақ та олар ережелер мен қағазбастылық былықтылықты фетишизациялай отырып, құрал-жабдықтарды тартады.
Төртінші тип – ретритизм. Ол мақсаттарды да, құралдарды да жоққа шығаруды жөн санайды. Мысалы, кезбелер, алқаштар, наркомандар және басқалай азғындаған адамдар, олар қоғамда өмір сүреді, бірақ оған тиесілі болмайды.
Бесінші тип – бүлік. Ол бүлікшілердің үстем боп тұрған мақсаттар мен құралдарды жоққа шығаруынан, бірақ оларды жаңа нормалармен ауыстыру керек деп санайтындардын тұрады. Оларға радикальдық қоғамдық қозғалыстардың өкілдері жатады.
Американдық әлеуметтанушы – Роберт Мертон девиация теориясында Э.Дюркгейм жасап шығарған аномиялар түсінігін қолдануға тырысты. Аномия – бұл барлық қоғамның дағдарысымен, оның әлеуметтік институттарымен, жарияланған мақсаттар мен басым көпшілік үшін оларды іске асырудың мүмкін еместігімен қамтылған қоғамдық жағдай. Адамдар өздерінің мінез-құлқын осы мезетте әлсіз, түсініксіз және қарама-қайшылықты бола алатын нормалармен сәйкестілікте үйлестіруі қиын екенін байқайды. Жылдам қоғамдық үзілістер кезеңдерінде адамдар өздерінен қоғам не күтетінін түсіне алмайды және де әрекет етуші нормалармен өз іс-әрекеттерінің келісіміндегі қиыншылықтарды бастан өткереді. «Ескі нормалар» лайық бола қоймайды, ал жаңалары, жаңа туындаған нормалар әлі де өте бұлыңғыр және мінез-құлықта тиімді және маңызды бағыттылық бола алуы үшін айқынсыз түрде қалыптасқан. Осындай кезеңдерде девиацияның жағдайларының санының шұғыл түрде өсе түсуін күтуге болады [8].
Девианттылықтың мәселесін қозғайтын бірінші маңызды әлеуметтанулық зерттеуге Э.Дюркгеймнің «Өзін-өзі өлтіру» еңбегін санауға тура келеді. Бұл еңбек 1897 жылы басылып шықты. Э.Дюркгейм ресми статистиканың жанама талдануы әдісін қолдана отырып, өзін-өзі өлтірудің төрт типін – эгоистік, альтрустік, аномиялық, фаталистікті бөлік көрсетті. Осы еңбегінде ол өзін-өзі өлтірушіліктің әлеуметтік қана емес, психологиялық та себептері болатынын дәлелдеуге тырысты.
Деликвенттік мінез-құлық – осы қоғамдағы және осы уақыттағы нақтыланған заңдардан ауытқыған, басқа адамдардың игілігі мен әлеуметтік тәртіпке және де өзінің шекті көрініс берушілігінде қылмыстық түрде жазаланған адамдарға қауіп төндіретін нақтылы жеке тұлғаның іс-әрекеті. Заңға қарсы мінез-құлықты көрсететін жеке тұлға деликвенттік және тұлға (деликвент), ал іс-әрекеттің өзі – деликтілер ретінде бағаланады [9, 18 б.].

Әдебиеттер:


1.Осипов Г. В. (ред.). Социологический энциклопедический словарь: на русском, английском, немецком, французском и чешском языках. – ИНФРА. М-Норма, 1998.
2. Кравченко С. А. Социологический энциклопедический русско-английский словарь. – 2004. – 511 с.
3.Анурин В. Ф., Кравченко А. И. Социология: учебник для вузов. – Издательский дом «Питер», 2003.
4. Социология. В двух частях. Часть 1: учебное пособие для студентов для всех специальностей и направлений / О. В. Шиняева, И. Г. Гоношилина, И. А. Зосименко и др. – Ульяновск : УлГТУ, 2011. – 184 с.
5.Бабаева А. В., Попова Н. А. Классификация позитивной девиации и ее проявления //Научно-исследовательские публикации. – 2013. – №. 3. – С. 58-63
6.Гидденс Э., Бердсолл К. Социология. – URSS, 2005. – 632 с.
7.Кошарная Г. Б., Мордишева Л. Н. Основные подходы к изучению девиантного поведения //Известия высших учебных заведений. Поволжский регион. Общественные науки. – 2010. – №. 1. – С. 70-81
8.Волков Ю. Социология. – Litres, 2021.
9.Хвостенко Н. В. К вопросу о понятии «Делинквентное поведение» несовершеннолетних и его сущности //Вестник Шадринского государственного педагогического института. – 2013. – №. 2. – С. 18-20




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет