Тақырып: Эпидемиология негіздері. Эпидемиялық процесс туралы ілім. Инфекциялардың көздері мен резервуарлары. Таралу механизмі. Қабылдағыш организм


Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жүзеге асырудағы Функциялары



бет4/5
Дата14.03.2023
өлшемі1,5 Mb.
#74284
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс №1

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жүзеге асырудағы Функциялары:

  • өз құзыретінде тамақтан улану, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

  • инфекциялық агенттердің микробқа қарсы дәрілерге төзімділігіне эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады, тұрғындарға профилактикалық егулерін қадағалайды;

  • халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етеді;

  • жұқпалы аурулар, улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ақпарат (шұғыл хабарлама) беру ережелерін әзірлейді және бекітеді;

  • жұқпалы аурулар эпидемиясы қаупі туындаған кезде енгізілетін шектеу шаралары, оның ішінде карантин: ауруханалардағы шектеуші шаралар - жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған, медициналық қызметкерлер мен науқастардың ерекше қозғалыс режимін қамтамасыз ететін шаралар; пациенттерді уақытында оқшаулау, маска режимін енгізу, дезинфекциялау және зарарсыздандыру режимін күшейту және жеке гигиенаны сақтау;



Медициналық денсаулық сақтау ұйымдары келесі функцияларды орындайды:

  • науқастарды жеке тіркеу, емдеу және динамикалық диспансерлік бақылау.

  • күдік пен аурудың әрбір жағдайы үшін хабарламаны немесе шұғыл хабарламаны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық мекемесіне жіберу

  • медициналық мекеменің жоспарына сәйкес декреттелген халық топтарын жоспарлы тексеру

  • вакцинация күнтізбесі бойынша халықты иммундау



Тапсырма:
Ситуациялық есеп
БҚО Орал қаласында «Бөбек» балабақшасының бір тобында балалар арасында 9 жедел ішек ауру (ОКИ) жағдайлары тіркелді. Бактериологиялық зерттеу кезінде дизентерияның Zonne қоздырғышы 8 балада және 1 балада E. coli анықталды. Байланысқан балалар мен топ қызметкерлерін бактериологиялық зерттеу теріс нәтиже берді. Бірақ топтың персоналын серологиялық зерттеу нәтижесінде дизентерия диагностикасының оң нәтижелері анықталды: күтуші (++++), 1 тәрбиеші (+), 2 тәрбиеші (-).


Сұрақ:
1)Балабақшадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалаңыз (эпидемия, пандемия, спорадиялық аурушандық, эпидемиялық бүрк ету)
2) Инфекцияның көзін табыңыз
3) Тарату жолының механизмін анықтаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет