Тақырып: Эпидемиология негіздері. Эпидемиялық процесс туралы ілім. Инфекциялардың көздері мен резервуарлары. Таралу механизмі. Қабылдағыш организм. Жұқпалы ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырудағы әртүрлі профильдегі мемлекеттік және медициналық қызметтердің функциялары.
Эпидемиология термині (от греч. epi - жоғары, demos - халық, logos - ғылым) – адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуын, таралуын және даму заңдалықтарының себептері мен ерекшеліктерін зерттейтін профилактикалық медицина саласындағы ғылым.
Эпидемиология пәнінің зерттейтін объектісі бұл эпидемиялық процесс. Эпидемиологиялық процесс дегеніміз адамдар арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуы. Эпидемиялық процестің көрінуін сипатайтын терминдері мына схемадан көруге болады:
Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты нақты жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. (мысалы, БҚО йод жетпеушілігінде эндемиялық аймақ). Экзотикалық сырқаттанушылық деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде, осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады. Эпидемиялық аурушаңдық - бұл елді (қаланы, ұжымды) қамтитын және жалпы инфекция көзінен немесе жалпы таралу жолдарынан шыққан және инфекция тізбегімен байланысқан адамдар арасындағы аттас аурулардың жаппай таралуы (спорадия, эпидемия, пандемия).
Спорадиялық аурушандықжылдың белгілі бір мезгіліне, белгілі бір топқа, белгілі бір аймаққа тән аурушаңдық, бір-бірімен эпидемиялық байланысты емес аурулардың жекелеген жағдайлары.
Эпидемиялық бүрк ету – 1-2 инкубациялық кезеңге созылатын бір топтағы сырқаттанушылықтың қысқа мерзімді өсуі. Эпидемия – мемлекет, облыс, қала, мемлекеттік ұйымдар арасындағы аурушаңдық деңгейінің жоғарылауы және әдетте жылдың бір мезгілінің қамтуы.
Пандемия - бірнеше жылдар мен онжылдықтарға созылатын және континенттерді қамтитын аурушаңдық деңгейінің жоғарылауы (грекше «пандемиядан» - жалпы ұлттық құбылыс).