Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жүзеге асырудағы Функциялары:
өз құзыретінде тамақтан улану, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
инфекциялық агенттердің микробқа қарсы дәрілерге төзімділігіне эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады, тұрғындарға профилактикалық егулерін қадағалайды;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етеді;
жұқпалы аурулар, улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ақпарат (шұғыл хабарлама) беру ережелерін әзірлейді және бекітеді;
жұқпалы аурулар эпидемиясы қаупі туындаған кезде енгізілетін шектеу шаралары, оның ішінде карантин: ауруханалардағы шектеуші шаралар - жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған, медициналық қызметкерлер мен науқастардың ерекше қозғалыс режимін қамтамасыз ететін шаралар; пациенттерді уақытында оқшаулау, маска режимін енгізу, дезинфекциялау және зарарсыздандыру режимін күшейту және жеке гигиенаны сақтау;
Медициналық денсаулық сақтау ұйымдары келесі функцияларды орындайды:
науқастарды жеке тіркеу, емдеу және динамикалық диспансерлік бақылау.
күдік пен аурудың әрбір жағдайы үшін хабарламаны немесе шұғыл хабарламаны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық мекемесіне жіберу
медициналық мекеменің жоспарына сәйкес декреттелген халық топтарын жоспарлы тексеру
вакцинация күнтізбесі бойынша халықты иммундау
Тапсырма: Ситуациялық есеп БҚО Орал қаласында «Бөбек» балабақшасының бір тобында балалар арасында 9 жедел ішек ауру (ОКИ) жағдайлары тіркелді. Бактериологиялық зерттеу кезінде дизентерияның Zonne қоздырғышы 8 балада және 1 балада E. coli анықталды. Байланысқан балалар мен топ қызметкерлерін бактериологиялық зерттеу теріс нәтиже берді. Бірақ топтың персоналын серологиялық зерттеу нәтижесінде дизентерия диагностикасының оң нәтижелері анықталды: күтуші (++++), 1 тәрбиеші (+), 2 тәрбиеші (-).
Сұрақ:
1)Балабақшадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалаңыз (эпидемия, пандемия, спорадиялық аурушандық, эпидемиялық бүрк ету)
2) Инфекцияның көзін табыңыз
3) Тарату жолының механизмін анықтаңыз