тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы



бет11/16
Дата11.10.2022
өлшемі53,75 Kb.
#42381
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Шешендік өнер тарихы.
Египет пен Ассирияда, Вавильон мен Үндістанда шешендік өнер ежелден-ақ жоғары бағаланғанымен, Эллада шешендіктің отаны ретінде саналады. Ежелгі Грецияда ол жүйелі дамып,теориясы тұңғыш рет қалыптасқан.
Ежелгі Грецияда қоғамдық өмірде саясаткер халыққа, әскербасы әскерлеріне, жеке адам- сотта, басқа да толып жатқан жиындарда , кездесулерде топ алдында сөйлеу қажет болды. Көркем тілдің жүйесін, заңдылықтарын ақылы түрде үйрететін софистер пайда болды. Олар шешендік сөздің қай түрін де қатар меңгерген, логиканың заңдарын, айтысу өнерін, тыңдарманға әсер ету тәсілдерін білетін адамдар. Олар сөздің қасиетін жоғары бағалап, сөзді тіршіліктің тұтқасы деп білген. Олар шешендік өнердің негізін қалады, шешендіктің ғылыми теориясынр жасады. Софистердің мақсаты – шындықты ашу емес, тыңдаушыны өз сөзіне сендіру.Олар софизмді- ойластырылған жалған тұжырымды негіз етіп ұстады.
Сократ пен Платон - шынайы сөздің теориясын жасаушылар. Сөздің шындықпен арақатынасы жөнінде софистерге қарсы бағыт ұстаған да ежелгі грек философы Сократ болды ( б.э.д. 470- 399). Ол софистердің сөздің күшімен жаулап алу саясатына қарсы шықты. Ол софистердің сөзді үйретудегі ақылы қызметін де сынады.
Сократтың ойларын оның шәкірті Платон ( б.э.д. 4257- 347) жалғастырды. Ол шындыққа негізделген шыайы сөзді ұстанды.
Аристотель- ( б.ээ.д. 384- 322) Платонның ойларын жан- жақты дамытқан шәкірті.Македонскийдің бала кезіндегі тәрбиешісі болды. “Риторика” атты еңбегі бар.
Цицерон- ( б.э.д. 106- 43) Римде шешендік өнер басында тұрды. Терең білімді, мағынаны бағалады. “Шешендік өнердің үш трактаты” атты еңбегі бар.
Квинтилиан Марк Фабий ( б.э.д. 35- 100) “Шешендік тәлім”атты екі кітаптан тұратын еңбек жазған.
Ежелгі Грецияда шешендіктегі басты нәрсе сөзді мойындату деп есептелсе, ежелгі Римде ең бастысы жақсы сөйлеу болып саналған. Орта ғасырларда шешендік тек ауызша тілге ғана емес, жазбаша тілге қатысты да айтылған.
Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
Бізге жеткен деректерге сүйене отырып, қазақтың шешендік өнерінің атасы- Жиренше деп айтуғ,а болады. (ХІУ-ХУ ғ.)Әз Жәнібек хан мен Асан қайғыныің тұстасы ретінде айтылады.Майқы би, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ.)
Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би- халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы.Би- табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен.
Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат,Шөже,Шернияз, Шал,Қазтуған сынды ақын- жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі.
Қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1.ХІ-ХІІІ ғ.-Майқы, Аяз би.
2.ХІУ-ХУІ ғ.- Асан қайғы, Жиренше.
3.ХУІІІ ғ.- Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.
Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқандар – Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар. Шешендік сөздің табиғаты турыл еңбек жазғандар- А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин,
М. Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Мәметова, Х.Досмағамбетовтер.
Ал соңғы кезде шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқандар- Б.Адамбаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, С.Негімовтер.
Әбіш Кекілбаев : “Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелгенде, тоты құстың қауырсынындай құлпырып, аяқ астынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде, қазақтың жұлдызы қалай- қалай жарқырар еді. Қандай қиын түйінде де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді. Қандай қиқар даукесің де Әйтеке айтқанда құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда қоштамасқа, Төле айтқанда “ төресі осы” деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты.
Әйтеке жарып, Қазыбек қазып, Төле тауып айтады” деген сөз осыдан қалған екен. Үш арысты қазақ сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау? “


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет