тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы



бет14/16
Дата11.10.2022
өлшемі53,75 Kb.
#42381
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс 8

Нақты сөзге дайындық:
1. Сөйленетін сөздің тақырыбын анықтау.
2. Мақсатты айқындау.
3. Материалды іріктеу.
4. Әдебиетпен жұмыс.
5.Өз ұстанымының болуы.
6.Жоспар арқылы сөйлеуге әзірлік.
7.Дауысты құбылта білу.
Күнделікті дайындық.
Шешеннің дарыны күделікді үздіксіз дайындық арқылы келеді, жарқырап ашыла түседі. Ғылыми- көпшілік әдебиеттерден, баспасөз, ақпарат құралдарынан, көркем әдебиеттерден қажетті сөзөдерді, фактілерді, үзінділерді жазып алып, жаттап, қысылған кезде жол табуға мүмкіндік алатындай қоры болуы керек.Мұндай ізденіс адамның жеке мұрағатын жасауға негіз болады. Даналық сөздер, мақал- мәтелдер, қанатты сөзөдер көп сұраққа жауап бола алады.
Күнделікті дайындықтың жүйесін құрайтын әрекеттер: күнделік, пікір, хат, толғау, тілек түрінде ойды қағазға түсіре беру. Ой толығып, есте берік сақталады.
Дайындықтың тағы бір түрі- басқа шешендердің сөзін тыңдап, оларға сыни талдау жасау.Табыстан үлгі, қатеден сабақ алуғаі дағдылану.
Жұрт алдында сөйлеу әдісін меңгеру дайындық кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру, жоспарын жасау, сөзді бастап, баяндау, аяқтаудың әр бөлігін ойластыру, аудиторияны еркін билеудің тәсілдерін анықтаумен тығыз байланысты.
Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы.
Көпшілік алддында сөйлейтін сөздің құрылымы ойдың дами беруінің ішкі заңдылықтарын ескере отырып жасалатын бірнеше бөліктің бірлігінен тұрады.Мазмұны тұтас бір сөздің бөлшектерін құрайтындықтан, олардың орналасуын анықтау автордың өз еркінде.Сөз құрылымы кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.
Кіріспе сөз.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады,
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ,- деген екен Бұқар жырау.
Сөз этикалық сөз орамдарынан басталады. “Құрметті әріптестері”, “Ханымдар мен мырзалар!”,”Танысып қоялық..”,”Сіздермен кездескеніме қуаныштымын”,”Бүгін сәтті күн..” т.б.
Тыңдаушының назарын бірден аударуда мақал-мәтел, қызықты әңгіме, естімеген жаңалық тосын сұрақ т.б. сәтті қолданудың орны ерекше.
Негізгі бөлім.
Негізгі бөлімнің басты мақсаты- айтылатын сөздің түйінді мәселелерін, ой өзегін таратып, жүйелеп түсіндіру.Негізгі бөлімнің ерекшеліктері : егер тыңдаушыға тақырып беймәлім болса, әңгімені негізгі ойдан бастау, ал тақырып таныс болса, өзекті ойды ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет