Тақырып: Фармакогенетика


Дәрі-дәрмекті қабылдау барысында анықталынатын тұқым қуалайтын ферменттік



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата30.03.2023
өлшемі415,9 Kb.
#77470
1   2   3   4
Байланысты:
Ақпараттық блок. Фармакогенетика

1.
Дәрі-дәрмекті қабылдау барысында анықталынатын тұқым қуалайтын ферменттік 
жүйенің ақаулары (дефекты)
 
Бүгінгі таңда белгілі бір дәрілік заттарға ағзаның атипті реакциялар беруі тұқым 
қуалайтын зат алмасудың бұзылуынан пайда болатындығы анықталды. Aтипті реакцияларға 
әкелетін дәрілік терапиядан болатын асқынуылардың негізгі мынадай түрлері кездесуі мүмкін: 
- дәріге жоғары сезімталдығы – дараның жасына және жынысын ескере отырып
тағайындалған дозаға қарамастан дәрінің артық дозасын бергендей көрніс беруі

- науқасқа дәрі дозасын жоғарлатуына қарамастан дәріге толық толеранттылық (төзімділік)
көрсетуі; 
парадокстық реакция
препараттың әсер ету механизмінен күтілетін жағдайларға қарағанда
басқа түрлі асқынуларды тудыруы. 
Жоғарыда аталып өткен фармакологиялық реакциялардың бір тобын қарастырайық. 
1950 жылдардың басында туберкулезді емдеу үшін жаңа тиімді дәрі изониазид 
қолданылған. Алайда, кейбір науқастарға стандартты дозаны қолданағанның өзінде оның 
дозасын бірнешеге дейін көбейткендегідей токсиндік әсерлер байқалды. Бұл құбылыстың 
себептері клиникалық және генетикалық зерттеулер жүргізілгенше түсініксіз болды. Олар 
изониазидтің улы әсерлері тұқым қуалайтындығын көрсетті яғни осындай жағдайлардың
қалыпты дозадан «артық дозаны» бергендей әсер беретіндігі отбасылық жинағы бар. 
Осныдай отбасындағыларда изониозидтің токсиндік әсері ету механизмі өте қарапайым .
Мұндай науқастардың ағзасынан изониозидтің шығарылуы баяу жүреді. Дәрі-дәрмектің Үнемі 
ағзаға түскен дәрінің шығарылуының төмендеуі дәрінің ағзада уытты дозаға дейін 
жинақталуына әкеледі. 
Изониазидтің N-ацетилтрансфераза ферментінің көмегімен ацитилденгеннен кейін ғана
ағзадан шығарылатындығы анықталынды. Егер фермент қалыпты болатын болса изониазид 2 
сағат ішінде ағзадан шығарылады, ал фермент аномальды болса ( фермент синтезіне жауап 
беретін мутантты аллель тұқым қуалау арқылы берілген болса), онда изониазидтің ацетилденіп
ағзадан изониозид баяу шығарылады (6-10 сағ.), яғни жоғары сезімталдылық изониозидтің
ағзадан баяу шығарылуымен байланысты. Изониазидке жауап реакциясы N-ацетилтрансфераза
( ацитилденудің баяу және жылдам жүруі) ферментінің синтезіне жауапты геннің 
полиморфизмімен анықталынады. Бұл белгі – ацетилденудің жылдамдығы аутосомды-рецессивті 
түрде тұқым қуалайды.
Препаратқа толеранттылықтың мысалы ретінде кейбір отбасыларда сау адамдармен 
бірге антикоагулянттық препараттарға төзімді дараларда кездеседі. Бұл генетикалық түрде 
анықталған қанның коагуляциясына қатысатын К витаминінің метаболизмінің мутантты 
формасы. Немесе, мысалы, рахиттің айқын белгілері бар кейбір науқастарға беретін D 
дәруменінің стандартты дозалары тиімді емдік әсерін бермейді. Бұл тұқым қуалайтын 
D- 
витаминіне резистентті рахит ауруы немесе гипофосфатемиядеп аталады. Бүйрек каналдарында
фосфаттардың реабсорбциясының төмендеуінен болады. 
Хирургияда бұлшықетті релаксациясы үші қолданатын дитилин препаратын - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет