Тақырып: Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері Жоспар


Тақырып: Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау



бет7/8
Дата06.01.2022
өлшемі92,93 Kb.
#16746
1   2   3   4   5   6   7   8
Тақырып: Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.
Жоспар:

1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс. Әдебиет көздерінің түрлері.

2. Мәтінмен жұмыс (жоспар, көшірме, тезис, аннотация, рецензия, конспект, цитата).

3. Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар (терминология).


Ғылыми әдебиеттерді зерттеуде мына мәселелерге көңіл бөлген жөн. Автордың негізгі идеясы оның бағыты. Автордың жетістігі дәстүрлі пзициядан ерекшелігі ол қандай үрдіс қосқан идеясының негізі. Идея қорытындысы айтыс тудыра ма, жоқ па, неге? Қандай мәселе? Зерттеу қажеттіліктерінңің көрінуі.

Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяандауы және конспектілеуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиография құрастыру зерттеу мәселесімен байланысты іріктеліп алынған әдебиеттер тізімін дайындау. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің екі түрі бар:

1) құжаттық

- аутивизуалдық (видео, фото құжат)

- ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компендиум, диссертация және т.б.)

- ғылыми-көпшілік (ғылыми-танымдық әдебиет)журналдар т.б.

- анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)

- оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)

2) ақпараттық-библиографиялық

- библиографиялық көрсеткіш;

- библиографиялық шолу;

- библиографиялық құралдар;

- журнал және газеттерге библиогрфиялық қосымшалар;

- интернет;

- мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.

Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:

Монография – толық, жүйелі баяндалғаннегізгі мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы бандалған кітап немесе кітапша түрінде ғылыми басылым; ғылыми немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесінің қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін қолдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде авторлардың да зерттеулерінесүйенген ғылыми еңбек;

- Ұжымдық монография – пікірлес-авторлар ұжымымыен жазылған жалпы концепциялауда бағыттағы басылым (кітап, құрал);

- Компендиум – қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с негізгі ойларын қысқаша жинақтап беру;

- Диссертация – ізденушінің (диссертацияның) ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе докторы) ғылыми немесе ғылыми-білімділік мекемелерде дайындалған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.

Симпозиум, конференция материалдары – ғылыми конференция қорытындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер);

Журнал – әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа сұрақтар бойынша мақалалар және / немесе рефераттар, сонымен қатар әдеби туындылар, иллюстрациялар бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: Республикалық «Білім – образованиие», «Жоғары мектеп хабаршысы», «Вестник высшей школы Казахстана», «Ізденіс - пойск», «Творческая педагогика», «Парасат», және т.б; Ресейлік – «Вестник высшей школы – Alma mater», «Высшей образование в Россий», «Педагогика», «Мир образования», «Вопросы психологии», «Вопросы философии» және т.б; Халықаралық «Перспективы: вопросы образования», «Курьер ЮНЕСКО»;

Энциклопедия, энциклопедиялық сөздік – оқу, өздігінен білім алу және тәрбиелеуге арналған басылым түрі. Оқырмандарды қоршаған дүние, ғылым және техника негіздерімен, тарих және мәдениетпен таныстырады.

Негізгі талаптары: материалды түсініктілігі, баяндаудың қарапайым және анықтылығы, көрнекілігі, әдемі сыртқы безендірілуі.

Энциклопедиялық алфавитті, жүйелі әмбебап, салалық және тақырыптық болып бөлінеді.

Оқулық – бағдарлама және дидактикалық ғылымның талаптарымен белгіленген оқыту мақсаттарына сәйкес, белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздері баяндалатын, кітап түріндегі оқытудың негізгі құралы.

Есептер жинағы – мұғалімге, өзіндік және бақылау жұмыстарын сұрыптауда (таңдау, іріктеу) оқушылардың жеке дара мүмкіншіліктерін ескере отырып ретке келтірілген есептер жинағын қамтитын білім беру ақпараттық-анықтамалық түрі. Жүргізілген сұрыптаулар оқушыларға арналған тапсырмалар ретінде дәстүрлі «қағаз»және электронды түрде ұсынылады.

Есептер мен жаттығулар жинағы – өткен оқу материалын әрекеттік деңгейде меңгеру мүмкіншілігін туғызатын тәжрибиелік есептер мен жаттығулары бар басылым;




Зерттеу тақырыбының жәйін талдау

Ғылыми ақпарат негіздері






Морфология

Журнал материялдары

Дессертация

сілтеме




Жинақтағы мақалалар

Зерттеу өнімдері нәтижелері

аннотация



тезис




Өнімді талдау

Өнәмді апробациялау




мәнжазба






конспект

Мәнжазба

тезистер

аннотация




конспект



Дәйексіз сілтеме




Зерттелгенді тіркеу жолдары (фиксация)

Тәжірибеден ақпарат жинау әдістері




Логикалық құрылым





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет