Дедукция термині (лат.dedutio) – кең мағынада алғанда, логика ережелерін сақтау арқылы жаңа ой логикалық жолмен шыққанда ойлау формасын көрсетеді. Дедукция теориясын алғаш рет Аристотель шығарған және осы уақытқа дейін логиканың дамуымен ғылым ретінде жетілген. Дедуктивті пікірлер, егер оның барлық құрамдары шынайы болғанда, шынайы болады. Индукциядан айырмашылығы дедуктивті пікірлерде шынайы сілтемелер болғандықтан теріс қорытынды шығару мүмкін емес.
Дедукция әдісінің көмегімен өзіндік ақыл-ой процессінің мүмкіндіктері кеңейеді, онда екі негізгі деңгейді бөліп қарастыруға болады:
Бірінші деңгейде дәлелдеме пікір ретінде қарастырылады, оның көмегімен біреуінің шындығы екінші шындықтың негізінде орнатылады;
Екінші деңгейде - дәлелдеме сипаттауға жататын формаға ие, соның арқасында дәлелдеме анализі, қорытынды ережелерін қолдануда оның құрылымдарын шығарылуы, логикалық формада жазылуы, яғни оның формалануы түсінікті болады.
Индукция (лат. inductio) – логикасы нақтыдан жалпыға ауысатын ғылыми таным формасы. Яғни, жалпы ереже жекелеген ережелерден логикалық жолдармен шығарылады. Индуктивті зерттеу тәсілінде заттардың осы және басқа классы туралы жалпы білімдер алу үшін бұл класстың жеке құрамдарын оқу керек және осы класс заттарына тән маңызды белгілерді табу керек.
Абстракциялау – нақты сипаттар мен объектілер қасиетін оймен анықтаудан тұратын ғылыми таным әдісі. Абстракциялаудың арқасында зерттейтін құбылыстың жалпы және маңызды сипаты мен қасиеттерін бөліп көрсету мүмкін болады.
Модельдеу – көрнекілік, объективтілік принциптері бойынша жауапты-логикалық ойлау негізінде таным объектісінің моделін зерттеуде мәні бар ғылыми таным әдісі.
Модель деп зерттеу процессінде түп нұсқасының орнын басатын, нәтижесі түпнұсқаға таралған объект.
Модельдеу ғылыми оқудың маңызды әдісі болып табылады, ол зерттеу процессін жылдамдатуға және осы арқылы жаңа нәтижелерді енгізу мерзімінің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеу әдістерінң арасында аргументтеу бөлініп алынады – аса логикалы процесс, оның мәні дәлелдеуге ұмтылған пікірдің шындығы негізделген. Аргументация тек зерттеуші дәлелдеу ережелерін ұстанғанда мақсатқа жетеді және жеке алғанда тезистің құрылымы:
Тезис өзгермейтін болып қалу керек, яғни бір ғана ереже дәлелденеді; егер бұл ереже орындалмаған жағдайда, онда ой дәлелденбейді.
Осылайша, барлық процесс барысында тезистің бастапқы қалыптасуынан қайтпау керек. Кейде қателер де болады, олар:
Біріншімен байланысты екінші тезисті ұсыну, бірақ мәні бойынша жаңа ереженің ұсынылуы болып табылады;
Негізгі тезисті сол тәріздес, бірақ мәні бойынша басқадай тезиске алмастыру;
Негізгі тезистің жартылай түрін өзгертуі немесе оның белгілі құрамдастарын жою арқылы оны дәлелденбейтіндей етіп жасайды.
Аргументацияның сенімділігі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
Аргументтер – барлық дәлелдеулер құрылған тек шындығы дәлелденген және фундамент рөлін атқаратын ережелер;
Аргументтер автономды ұсынылатын, тезисқа тәуелсіз дәлелденуі тиіс, басқа жағдайда аргументтің өзі соңына дейін жеткізуді талап етеді;
Аргументтер өз өзіне қарама-қайшылықта бола алмайды, сондықтан өзіндік жеткілікті болуы тиіс.
Аргументацияға дәлелділік пен сенушілік тән. Дәлелділік – бұл кез келген шынайылығы дәлелденген тезистің анықтылығына негізделген. Кез келген дәлелдеу аргументтелген (дәлелді), бірақ кез келген аргументация (дәлелдеме) дәлелдеу болып табылмайды. Осылайша, аргументация – бұл мақсаты мәселеге өзіндік көзқарасын айтуға болып табылатын дәлелденбеген дәлелдеу. Құрылымы бойынша аргументация мен дәлелдеу сәйкес, себебі олардың құрылымдық сұлбасы бірдей. Айырмашылық тек дәлелдеушілік деңгейінде, себебі дәлелдеу – пікірдің шындығына жету. Жаңа нәтиже тек оны дәлелдеу деңгейінде ғана мойындалуы мүмкін. Кең түсінікте «дәлелдеу» түсінігінде пікірдің шындығын дәлелдеуге болатын кез келген әдісті айтады.
Тезисс (гр. tesis) – шынайлылығы немесе қателігі дәлелденетін мәселе. Тезис ретінде жалпы мәселе немесе тұжырымдамалар қатыса алады.
Аргументтер (негіз) - шынайлығы бекітілген және даусыз болып табылатын бастапқы теориялық мәселелер немесе дәлелденген мәліметтер. Аргументтер құрамына мыналар кіруі мүмкін: фактілер, анықтамала, аксиомалар, және т.б.
Демонстрация – тезисті қолдау және қолдамау аргумент реттілігін көрсететін дәлелдеудің әдісі (реттілік, ой қорытындысы).
Эмпирикалық зерттеу әдістері ғылыми-зерттеу еңбегінің анықтаушысы болып табылады, олар тәжірибемен, оның ішінде педагогикалық еңбекпен байланысты және бастапқы зерттеу материалдарын қорландыруды, бекітуді және жалпылауды қамтамасыз етеді. Эмпирикалық зерттеу әдістері:
Сұхбат;
Сауалнама;
Эксперимент;
Рейтинг;
Сарапшы бағасы;
Өзін-өзі бағалау;
Нәтижелерді талдау.
Бақылау – белгілі мақсаты мен міндеті бар объектіні мақсатты түрде және жүйелі түрде қабылдау. Ұзақтығына байланысты бақылауды ажыратады: ұзақ уақыттылық, қысқа уақыттылық, үздіксіз, дискретті (аз уақыт ішінді бірнеше рет қайталау).
Эксперимент – объектіні оның бұрын белгісіз қасиеттерін анықтау немесе теориялық ережелердің дұрыстығын тексеруге бағытталған оқу, ол белгілі бір зерттеу идеясымен анықталады және нақты анықталған мақсат. ЖОО ғылыми – зертеулерді жүргізу гипотезаларды алдыға қою мақсатында жүргізілуі мүмкін:
тәжірибе нысанының әсері мен осы әсердің тиімділігі арасында анықталған қатынасты айғақтайтын процесс;
тәжірибе нысанының әсерімен осы әсердің нәтижелері арасында анықталған қатынасты бақылайтын процесс;
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде эксперименттік зерттеу ерекшелігі келесі сатылардан тұрады:
Айғақтайтын;
Қалыптастыратын;
Түзететін;
Бақылау.
Экспериментке жататын жеке сұрақтарды арнайы қарастыру үшін тәжірибе ғылыми әдіс ретінде қажет болып табылады. Оның жүзеге асуы арнайы жағдайларды және гипотеза талап ететін белгіленген параметрлері бойынша топтарды құруды қарастырады. Тәжірибе арқасында әр түрлі психология – педагогикалық пәндер бойынша оқу бағдарламалары қабылданады, тиімділігі анықталады. Ажыратады:
гипотеза дұрыстығын немесе теорияның эмпирикалылығын тексеретін тәжірибелер;
ұсынылған ақпартты анықтау үшін қажетті эмирикалық ақпараттың іріктелуі жүргізілетін іздеу жоспарының тәжірибелері.
Кез келген экспериментті жүргізу үшін:
Тәжірибені жүргізудің әдіснамасына байланысты оның маңыздылығын ескеру қажет. Тәжірибені жүргізу кезеңдерінің реттілігі оның интелектуалды және материалдық шығындары ескерілмегенде алға қойылған мақсаттқа жете алмайды. Сол себепті зерттеуші тәжірибені дайндау кезінде міндетті:
1.нысанды мақсатты бағытталған бақылау үшін жоспар құру;
2.тәжірибе жүргізілетін шекараны анықтау;
3.зерттеу нысанына шарттардың, мінездемелердің, әсердің өзгеруін, жағдайлардың қайталануын есептеп қажетті жағдайларды құру.
4.зерттеліп жатқан нысанды оқу және сипаттау мақсатында жүйелі бақылауды жүргізу.
5.тәжірибе нәтижелерін талдау.