Тақырып Философия және дүниетаным


ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



бет5/7
Дата03.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#133373
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия (1)

ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ


ОНТОЛОГИЯЛЫҚ :
  • МАТЕРИАЛИЗМ,
  • ИДЕАЛИЗМ ( ОБЪЕКТИВТІК,СУБЪЕКТИВТІК ),
  • ДУАЛИЗМ
  • ДЕИЗМ.

ГНОСЕОЛОГИЯЛЫҚ :
  • ГНОСТИЦИЗМ,
  • АГНОСТИЦИЗМ,
  • ЭМПИРИЗМ,
  • 4. РАЦИОНАЛИЗМ
  • Философияның негізгі мәселесінің онтологиялық (тұрмыстық) жағы проблеманы қою және шешу болып табылады: бастапқы — материя немесе сана не?
  • Негізгі сұрақтың гносеологиялық (танымдық) жағының мәні: таным процесінде не бастапқы әлемді танимыз ба?

Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын
философияның (және метафизиканың) бөлімі. Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
Ашылуы
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
Ғалымдар анықтамасы
Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп,
оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология
– болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.
Онтологияның негізгі мәселелері
  • Болмыс категориясы. Болмыстың түрлері.
  • Материя категориясы. Қозгалыс. Қеңістік және уақыт.
  • Сана. Сананың генезисі.
  • Қоғамдық сана, оның түрлері.

Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардың арасын-дағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс -бар болып отырғанның (сущее), өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін - бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең.
Болмысқа қарсы категория - «болмыс емес» (небытие) немесе «болмау» (кейбір ғалымдар
қазақтіліндегі философиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр).
Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа
ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құнды-лықтар, идеялар,
ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмыс деп таниды.
Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам бол.мысы; әлеуметтік болрухани болмыс; материалдық заттар мен олардың тусінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет