№3 дәріс, 3- апта, 1 сағат Тақырып: ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиеттегі жанрлық-тақырыптық және идеялық-мазмұндық ерекшеліктер Дәріс мақсаты: ХХ ғасыр басындағы жанрлардың даму үдерісін айқындп, жанрлар ерекшелігін түсіндіру.
XX ғ.б. қазақ әдебиетінің жалпы жетістіктері, өсу белестері. Қазақ өлеңінде бұрынғы жалаң өсиеттік, дидактикалық насихаттың азайып, Абайдың өміршең поэзиясы дәстүрлерінің дамуы.
Әдебиеттің эстетикалық құндылықтарының артқандығы. Құрғақ ақылмандықтан гөрі, образдылықпен суреттеудің белең алуы. Өмір шындығын көркемдік шындық деңгейіне көтеру мақсатқа алынып, әлеуметтік мәселелердің тереңірек көтеріле бастауы.
Замана шындығын нақты ашуда көлемді жанрлардың (поэма, ұзақ әңгіме, роман) пайда болуы. Кейбірі жанр табиғатына, көркемдік талапқа сай жазылмаса да, жазба әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосқаны ("Мұңлы Мариям", "Қыз көрелік").
Поэзиядағы эпикалық жанрдың белең алуы. Оның Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, М. Жұмабаев, С. Торайғыров айтулы шеберлерінің қалыптасуы. Поэма жанрын С. Сейфуллин. І Жасүгіров сынды жаңа ақындық дарындардың жаңа үлгідегі керемет туындыларды дүниеге келтіруі.
Абай дәстүрін дамыту үшін. Абайтанудың алғашқы қадамдарының жасалуы ("Қазақтың бас ақыны", "Абай", "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" т.б.).
Қазақ ауыз әдебиеті, қазақтың жазба әдебиеті жайлы түрлі әдеби-сын мақалалардың жазылуы. Сынның түрлі жанрларының пайда болуы.
Танымдық деңгейі әрқилы әдеби-сын мақалалардың қазақ жазба әдебиетінің көкейтесті мәселелерін кетеріп, оның өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқаны.
С. Торайғыровтың, М.Сералиннің мақалаларында ("Қазақ кітаптары жайынан", "Шәһнама туралы") әдебиеттің күрделі мәселелері сөз етіліп, әдеби шығарманың табиғатын тануда ілгерлеушілік болғаны.
Сында әдебиеттің идеялық, эстетикалық міндеттерін айқындауға талаптанудың байқалуы ("Әдебиетіміз жайынан", "Роман не нәрсе", "Калкаман-Мамыр" т.б.).
Қазақ әдебиетіндегі тың жанр драматургияның дүниеге келуі. Драматургиядағы алғашқы қадамдар (Көлбай Төгісовтің "Надандық құрбаны", Б.Серкебаевтың "Бақсы", "Ғазиза" т.б.).
Алғашқы драматургиялық шығармалардың жетістіктері мен кемшіліктері туралы әрқилы пікірлердің баспасөзде жарияланып, пікір алысудың көзге түсуі (С.Сейфуллин "Манап драмасы", "Міржақыптың "Манап драмасы", "Надандық құрбаны" макалалары).
Жалпы алғанда XX ғасырдың басындағы әдебиеттің кейінгі әдебиеттің дамуына жаңа арналар ашқаны. Қазақ әдебиетінің нағыз кәсіптік әдебиет деңгейіне көтерілуіне сол түстағы ақын-жазушылардың өлшеусіз үлес қосқандығы.
Оның кейінгі қақзақтың жаңа әдебиетіне игі әсер еткендігі.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.
Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.
2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.