Тақырып Қылмыстық құқық түсінігі, міндеттері және жүйесі


Қылмыстық құқықтың қайнар көздері



бет4/5
Дата29.10.2022
өлшемі41,58 Kb.
#46140
1   2   3   4   5
Байланысты:
KZ Лекция 1

Қылмыстық құқықтың қайнар көздері

Құқық теориясы құқықтың материалдық және формальдық көздерін бөліп алады. Қандай да бір құқықтық норма туындататын, оның негізін құрайтын құбылыстар материалдық көздерге жатады. Ал құқықтың формальдық көздері дегеніміз, ол - құқықтық норманың сыртқы сипаттамасы. Егер материалдық көздер қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнын сипаттаса, формальдық - олардың формасын сипаттайды .


Қылмыстық құқықтың бірден бір формальдық көзі - қылмыстық заң, яғни Қылмыстық кодекс. Бұл тұжырым ҚК-нің 1-бабы 1-бөлімінің мазмұнынан туындайды, онда «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы тек осы Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауапкершілік көзделген өзге заңдарды олар осы Кодекске кіргеннен кейін ғана қолдануға болады» делінген. ҚК-нің осы бабының 2-бөлігінің мәніне жүгінсек, ҚР Конституциясы және халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормалары, сөзсіз, материалдық көздер болып табылады.
Бүгінге дейін конституциялық нормаларды қылмыстық құқық көздеріне жатқызу формальды сипатта болатын. Ол да бір марксизм-ленинизм классиктеріне немесе кезекті партия съезінің шешімдеріне жасалған сілтеме сияқты еді. Конституция нормаларының тікелей әсері болмағандықтан олар қабылданған нақты заң актілері арқылы жүзеге асырылатын. Сондықтан да кеңестік дәуірдің қылмыстық құқық жөніндегі оқулықтарында қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден бір көзі деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында да қылмыстық-құқықтық сипаттагы бірқатар нормалар бар (өлім жазасы, қажетті қорғану құқығы туралы, заңның кері күші туралы, жасалған қылмысты хабарламағаны үшін жауаптылық көзделмейтин адамдар туралы, қылмыстык заңды ұқсастығы бойынша қолдануға болмайтындығы туралы және т.б. ережелер). Сонымен қатар, Конституцияның көз құраушылық рөлін жекелеген қылмыстық-құқықтық институттармен шектеу қате. Егер Конституцияны мемлекеттің барлык саясатын қалыптастырудың құқықтық негізі деп түсінетін болсақ, ол шындығында да сондай, сондай болуға тиіс, онда қылмыстық құқық көзіне Конституцияның республиканың қылмыстық саясатының бағыты мен принциптерін анықтайтын барлық нормаларын жатқызу керек, ол саясатқа заң шығарушы және құқық қолданушы орғандардың қылмыстық заңнаманың жалпы ережелерін даярлау, қылмыстық іс-әрекеттер шеңберін және жазалар жүйесін белгілеу, қылмыстардың нақты құрамдарындағы санкцияларды анықтау, қылмыскерліктің алдын алу шараларын белгілеу жөніндегі қызметінің бағыты жатады .
Бұл айтылғандардың, бәрінен бұрын, Конституцияның 1-бабынын ережелеріне қатысы бар, онда Қазақстан Республикасы демократиялык, зайырлы, қүкықтық және әлеуметгік мемлекет, адам, оның өмірі, күқығы мен бостандығы ең жоғарғы құндылық деп жарияланды. Қылмыстык құқыктың барлық жүйесі, оның мазмұны, ең алдымен осы жоғарғы стандарттарға сәйкес келуге тиіс. Адамның құқығы мен бостандығының басымдығы туралы постулат Конституцияның 12-бабында даму алды, онда олардың табиғи сипаты бекімін тапты.
Қудалаушылық сипаттағы қылмыстық-құқықтық нормалар, бір қарағанда, адамның құқығы мен бостандығының басымдылығы туралы тезиспен онша үйлеспейді. Бірақ, Конституцияның 12-бабының 2-тармағы мемлекеттің қандай да бір, оның ішінде қылмыстык-құқықтық тыйым белгілеуі қажет екендігін институттық деңгейде бекіткен: «адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын бұзуга, конституциялық кұрылыс пен қоғамдық өнегелікке қол сұғуға тиіс емес». Және де Конституция, кейбір жағдайларда, қылмыстық қудалаудың қоғам мен мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуі үшін ең маңызды бағыттарын да анықтайды. Бұл, әдетте, жанама, қандай да бір қоғамдық қатынастардың айрықша құндылыктарын және оларды қорғау қажеттігін жариялау арқылы жасалынады (заңсыз адам өмірін қию, жеке өмір мен үй-жайға қол сұғылмайтындығы, меншіктің қорғалуына кепілдік, адамдардың өмірі мен денсаулығына кауіп төндіретін фактылар мен мән-жайларды жасырғандық үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігі, заңда белгіленген салықтар мен жинауларды төлеу міндеті және т.б.). Бір жағдайда (Қазакстан Республикасы Президенті импичментінің негізін белгілейтін 47-бапта) Конституция қылмыстың нақты құрамын да атайды - мемлекеттік опасыздық, бірақ АҚШ Конституциясындағыдай ол қылмыстың белгілерін ашпайды.
Қысқасы, қорғалуға тиіс екендігі Конституцияда аталып өткен қоғамдық катынастар қоғамдық-қылмыстық қорғау объектілерінің иерархиясында басымдық танытады .
Ел Конституциясын қылмыстық құқықтың материалдық көзі ретінде тану оның нормаларының түсінктемелеріне басқаша қарауға алып келеді. Егер бұрын сот, қылмыстық заңды қолданғанда оның конституциялық екендігі туралы мәселені талқылай алмаса, 1995 жылғы Конституциялар күшіне енгеннен кейін заң нормаларын ақтық шындық деп қабылдау болмайды. Соттар үшін ондай шындық тек Конституция. Басқа заңдардың барлығын соттар конституциялық нормалар, бірінші кезекте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын бекітетін нормалар арқылы бағалайды.
Конституцияның республиканың барлық аумағындағы жоғары заң күші және тікелей әрекеті жөніндегі 4-баптың 2-тармағынан осындай тұжырым жасауға болады. Және де Конституцияның 78-бабына сәйкес сот адам мен азаматтың Конституцияда бекімін тапқан құқықтары мен бостандығына қысым жасайтын заңдарды немесе басқа нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге нормативтік акті Конституцияда бекімін тапкан құқықтар мен бостандыққа қысым жасайды деп тапса, онда ол істің жүргізілуін тоқтатып, ол актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
Қылмыстық құқықтың келесі материалдық көзіне, бұрын аталып өткендей, халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормалары жатады. Конституцияның 4-бабының тікелей түсініктемесінен халықаралық-құқықтық нормалар қылмыстық құқықтың материалдық ғана емес, формалдық та көзі деген ой туындауы мүмкін, себебі Конституцияның осы бабының 3-тармағы Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың өз заңдары алдындағы басымдығын бекітеді. Бірақ, іс жүзінде, қылмыстық-құқықтык нормалары бар халықаралық шарттар, қазақстандық құқықтың құрамдас бөлігі болса да, Қазакстан аумағында тікелей қолданыс таппайды, себебі, біріншіден, көптеген халықаралық шарттар (конвенциялар) қатысушы мемлекеттердің қандай да бір қылмыстармен қүресу ниетін білдіреді, бірак олардың белгілерін ашпайды; екіншіден, қандай да бір қылмыстардың белгілерін анықтағанмен, шарттар, әдетте, санкция белгілемейді (Әуе кемелерін заңсыз басып алумен қүрес жөніндегі 1970 жылғы Конвенцияда «әр шарттаскан Мемлекет мұндай қылмыска қатысты қатаң жазалау шараларын қолдануға міндеттенеді» делінген); үшіншіден, шартта жаза түрі көрсетілгенмен, оның ережелерін, онда жазаңың мөлшері мен мерзімдері туралы нұскау болмағандықтан, тікелей қолдануға болмайды.
Сонымен, тіптен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралык шарттарда (конвенцияларда) бар қылмыстык-құқықтық сипаттағы нормаларды олардың ережелері Қылмыстық кодекске кіргенде ғана қолдануға болады. Қандай да бір Конвенцияға біріккен мемлекет өзінің ұлттык заңнамасына тиісті өзгертулер енгізеді. Және де, кейбір қылмыстык құқықтық нормалар халықаралық құқық нормаларына тікелей сілтеме жасайды, мысалы, ҚК-нін 6-бабының 3-және 4-бөліктері, 7-бабының 2,3 және 4-бөліктері, 158-және 159-баптары және басқалар. Сондықтан да халықаралык құқық нормалары Қазақстан Қылмыстық кодексінің формальдық емес, материалдық көзі деп танылады.
Сот процестерін қылмыстық құқықтың кезі ретінде тануға болатын-болмайтындығы өзінше талкыланатын мәселе. Ұзақ уақыт отандык қылмыстық құқық ғылымында оны қылмыстык құқық көзіне жатқызуға болмайтындығы туралы тезис сақталды, ал нақты өмірде кез келген тергеуші немесе судья қандай да бір іс-әрекетті саралағанда өз аймағында қалыптасқан сот практикасын, төменгі тұрған соттар жоғары тұрған сот практикасын ескереді, ол шындық. Сот прецедентін қылмыстық құқықтың көзі деп танудағы алғашқы қадам Конституцияның 4-бабының 1-тармағында Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын республиканың күшіндегі құқығына жатқызудан басталады, ал бұл қаулылардың негізі сот практикасының, яғни құқық қолданудың жинақталған корытындысынан тұрады. Әрине, прецеденттің біздегі рөлі американ-ағылшын құқығындағыдай емес. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары заңға, оның ішінде қылмыстық заңға ресми түсініктеме беру болып табылады. Бұл дегеніміз - оларды қылмыстық құқықтың материалдық көзі деп тану үшін ешқандай кедергі жоқ деген сөз. Ал, сот прецендентін «таза түрінде» (нақты іс бойынша сот шешімін) алатын болсақ, ол қоғамдағы құқықтык сананы қалыптастыратын факторлардың бірі болса ғана қылмыстық құқықтың көзі деп танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет