бірінші кезеңде жүйеде антигеннің зерттелетін байланысы және байланыс орталықтары бар спецификалық антиденелер болады Күрделі бәсекелес (конкурентті) ИФТ – Зерттелетін байланыспен бірге оның антиденелердегі спецификалық байланыс орталықтарына бәсекелес аналогы болады
Бұл схемада антигендер (2) планшеттің ойықтарына (1) орнатылған. Ойыққа зерттелетін сары су енгізіледі. Егер сары суда антигендерге қарсы антиденелер (3) болса, инкубациялану кезінде антиген/антидене байланысы түзіледі.
Планшеттің ойықтарын байланыспаған субстанциялардан (яғни спецификалық емес антиденелерден) тазалап, оған екінші антиденелер (4) қосылады. Бұл антиденелерге белсенді фермент (Е) бекітілген. Мұндай комплекстік байланысу конъюгат деп аталады. Инкубациялану кезінде ойықта сэндвич тәрізді құрылым түзіледі.
Планшеттің ойықтарын байланыспаған конъюгаттан тазалап, оған түссіз субстрат (5) қосылады, бұл субстратқа фермент (Е) әсер етіп, оны бояйды (6).
а – пробирканың қабырғасында белгілі антигенге қарсы антиденелер; б – зерттелуші сары су қосылады, егер онда антигендер болса, олар антиденелермен байланысып, пробирканың қабырғасына бекітіледі; в – белгілі антигенге қарсы ферментпен белгіленген антиденелерді енгізу, олар қабырғадағы иммундық комплекспен байлаынысады; г – сутегі асқын тотығы мен хромогенді қосқанда оттегінің әсерімен сары түске боялады.
Иммуноферментті талдаудың қолданылуы:
Жұқпалы ауруларды диагностикалау (IgA, IgM, IgG антиденелері), аурудың кезеңін анықтау
Аутоиммундық ауруларды диагностикалау
Аллергияны диагностикалау
Гормондарды анықтау
Онкомаркерлерді анықтау
Цитокиндерді анықтау
Диагностика кезінде ескеру керек:
Зерттеуді аурудың ерте кезеңінде өткізу керек.
Бір уақытта бірнеше спецификалық антиденелерді анықтаған (немесе IgM және IgG антиденелерін) жөн, бұл біріншілік инфекцияны диагностикалау үшін қажет.
Аурудың динамикасын бағалау үшін антиденелердің санын анықтау қажет.
Белсенді және жасырын инфекцияны айыру үшін IgG авидтілігі деңгейін сараптау.
Бұрын жұқтырылған инфекцияның нәтижесінде антиденелер төмендеген иммунитетте, ақуызды ашығу кезінде анықталмауы мүмкін.
Қорытынды
Жоғары сезімталдық (ферменттің бір молекуласы) – 70-80%
Спецификалық – 95%
Зерттелуші материалдың ең аз мөлшерін қолдануға болады
Реакцияны жүргізу өте қарапайым, оңай
Реакцияның барлық кезеңдерін автоматизациялау мүмкіншілігі
Экологиялық таза және медперсонал үшін қауіпсіз
Диагностикалық жинақтар бағасы арзан
Қолданылған әдебиеттер
«Иммунология»: Хайтов Р.М Геотамедия Мәскеу 2015
«Жалпы иммунолгия» :Шортанбаев Ә.Ә, Кожанова С.В Алматы 2008