Иммундық ферментті талдау (сараптама) – антиденелер мен антигендерді сандық және сапалық анықтау иммунологиялық зертханалық әдісі.
ИФТ тәсілі антиденелер мен антигендерді ферментпен таңбаланған антиденелердің (конъюгат) көмегімен анықтауға арналған, сезімталдылығы мен телімділігі жоғары, қойылым жолдары қарапайым реакция. ИФТ өзінің қолдану принцптерінің айырмашылықтарына қарай «гетерогенді» (қатты фазалы) және гомогенді болып екі топқа бөлінеді.
70-шы жылдардың басында ИФТ әдісін ашқан ғалымдар: Швеция ғалымдары – Engvall және Perlmann Нидерланд ғалымдары - van Weemen және Schuur, АҚШ ғалымы - Rubenstein
ELISA (enzyme linked immunosorbent assay ) – ерімейтін заттарға (целлюлоза, сефароза, сефадекс, биогель, кеуекті шыны, ацетатты және нитроцеллюлозалық сүзгілер, т.б.) бекітілген антигендер мен антиденелерді қолдануға негізделген. Кейінгі уақытта антигендер мен антиденелерді полистиролды шұңқыршықтар мен шыны түтіктердің беткейіне физикалық адсорбция арқылы бекіту тәсілі кең таралған. ИФТ-дың «гетерогенді» қойылымы иммунды кешенді (ферментпен таңбаланған зат + байланыстырушы объект) бос таңбаланған қоспалардан ажырату сатысын міндетті түрде қажет етеді. ИФТ-дың бұл қойылымын тікелей (гомологиялық антигендерге қарсы таңбаланған антиденелерді қолдану) және жанама (зерттеуге алынған иммуноглобулиндерге қарсы ферментпен таңбаланған антиденелерді қолдану) қойылымдарымен жүргізуге болады.
Планшет ойықтарына қоздырғыштың антигені орнатылып, зерттелетін сары сумен бірге инкубацияланады. Спецификалық антиденелер болған жағдайда олар байланысып, антиген-антидене комплексі түзіледі.
Одан кейін бұл комплекс конъюгатпен инкубацияланған кезде анти-антиденелер антиген-антидене комплекстерімен байланысады.
Ферменттік реакция (түрлі-түсті реакция) сутегі тотығы мен пероксидазды реакция процесінде тотығып, боялатын субстраттың қатысумен жүреді.
Боялу қарқыны анықталатын спецификалық антиденелердің санына байланысты болады.
Нәтижесі спектрофотометрмен немесе визуалды бағаланады.