4.1. Жастар ортасындағы нашақорлық- әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті проблема 4.2. Жастар суицидіне байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар 4.3. Жастар арасындағы құқық бұзушылық
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.
Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады:жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді. «Жастар субмәдениеті проблемасын анықтау үшін, ең алдымен, «жастар» деген түсінікті қарастыру керек, яғни жастардың басқа топтардан айырмашылығын, жастардың жеке қасиеттері мен құндылықтарын, жастарға тән іс-әрекет пен жас тұлғаға әсер ететін факторлармен танысу қажет. Адамның жас шағы — құндылықтар жүйесінің қалыптасуы мен әлеуметтік статусының алғышарты болып табылады. Сонымен қатар осы шақта жастарға жаңаға деген ұмтылыс, ерекше болып көріну, белсенді өмір салтын ұстану тән, сондықтан жастар арасында нормадан ауытқушылықтар, яғни әртүрлі ықпалдарға еліктеушілік, оның ішінде батысқа еліктеушілік, әртүрлі жастар субмәдениетіне ену көрініс табады. «Қалай десек те, қазіргі қазақстандық жастарда Отан алдындағы жауапкершілік сезімі мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Оларға ата-бабаларынан ұлан ғасыр байтақ территориясы, тереңге тамыр жайған төл тарихы мен мәдениеті өшпес мұра болып қалып отыр. Бай тарихи мұралардан нәр алған жас буын өкілдерінің рухани мүгедек немесе саналы опасыз болуы мүмкін емес. Бұл тБілім беруде, тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы;
Жаңа әлем ескі сана мен жаңа сана тоғысында. Бұл тұста тарихи сананы көтеруіміз қажет;
Жастар арасында қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым конференция, дөңгелек үстел, кітапхана мәдениеті жеткілікті емес;
Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиеледі. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды, үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды жігерлілікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады. Тарих беттері дәлелдеген бұлжымас факт.