Тақырып Жер мәселесі. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресі Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі


Бөкей хандығының құрылуы. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған шаруалар көтерілісі



бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі44,76 Kb.
#129331
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 лекция

Бөкей хандығының құрылуы. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған шаруалар көтерілісі «1801 жылы Рождество мейрамының алтыншы аптасының дүйсенбісінде патша Павел таңғы төрт пен бестің арасында оянып, сағат тоғыздарға дейін өзіне берілген құжаттармен жұмыс істеді. Бұл 11 наурыздағы таң ол үшін соңғы күн еді. Сол күні император Павел алты заңға қол қойды, соның ішінде «Қырғыз халқының Еділ мен Жайық өзендері арасында көшіп жүрулеріне рұқсат» берілуі жөніндегі арнайы заң да бар болатын»|. Кавказ әскери желісінің басшысы генерал-лейтенант К.Ф. Кноррингке жазылған жарлықта былай делінген: «Кіші орданың хан кеңесінде төрағалық етуші Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанды, шын жүрекпен қабылдай отырып, оның қай жерге кешіп-қонғысы келсе, сонда көшіп-қонып жүруіне рұқсат етемін, және оған деген ризылығымды білдіретін өзімнің бейнем салынған алтын медальді қара лентамен мойнына тағып жүру үшін сыйлаймын». Сөйтіп, Жайық пен Еділ өзендері аралығының төменгі сағасында жаңа этнотерриториялық бірлестік құрылды. Ол патша чиновниктерінің ресми құжаттарында Бекей Ордасы (1819 ж. дейін) немесе Ішкі Орда (1824 ж.) деп аталды. Патша үкіметі мұндай саяси қадамды Кіші жүздегі Сырым Датұлының көтерілісінен кейін жағдайды реттеу мақсатында жасаған еді. Хандық биліктің жойылып, кейіннен қайтадан қалпына келтірілуі, көптеген мал жайылымдарынан айырылған халықтың наразылықтарын өз мақсаттары үшін өте шебер пайдаланған сұлтандар арасында қайтадан алауыздық басталды. Халық наразылығының алдын алу үшін қазақтардың біраз бөлігін Едіп мен Жайықтың аралығына көшіру арқылы жер мәселесін шешу де ойластырылды. 1771 жылы 30 мың қалмақ отбасы Еділдің арғы Бетіндегі даланы тастап, Жоңғарияға көшіп кеткелі бұл жерлер бос жатқан болатын. 1801 жылдың соңында Жайықтың ішкі жағына өзіне қарайтын ауылдарымен Бөкей хан өзі кешіп барды. Ал 1802 жылы 31106 жанды құрайтын 6266 шаңырақ көшкен. Бөкей Ордасы құрылғаннан кейін халықтың шаруашылығы да түзеле бастаған. Бөкей Ордасының енді өздерінің сансыз жылқы үйірлерімен атағы шыға бастады. Деректер мәліметіне қарағанда олардан орыс өнеркәсіп иелері ең ірі әрі семіз қойларды сатып алып отырған. 1812 жылғы есеп бойынша Бөкей Ордасында 33400 түйе, 187000 жылқы, 92.500 ірі қара және 1737500 қой болған екен. Ал малдың жаппы саны 2050400 басты құраған. 1813-1814 жылдары қыс ауыр болып, мал арасындағы өлім-жітімнің көптігіне қарамай шаруалар күйзеліске ұшырамаған. Мұрағат деректері бойынша 1814 жылы шілдеде 348710 бас саудаға түскен малды есептегенде Ордадағы малдың жалпы саны 2026700-ге жеткен. Бөкей хандығының аумағы шығыстан батысқа қарай 380 шақырымды, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді қамтып, Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларынан Жайық бойындағы әскери бекіністермен және солтүстік Каспий аймағымен шектесіп жатты. 1812 жылы 7 шілдеде Ішкі Ордада ресми түрде Бөкей хан болып жарияланды. Құжаттар куәаландырғандай хан келбетті, бойы орта бойлыдан сәл ұзындау, толықша болып келген. Атқа салмақты денесіне қарамастан бір адамның көмегімен өте жеңіл отыратын және күнде ат үстінде жүретін. Бөкей хан үлкен ақ киіз үйде тұрды; бірнеше кілем төселген төрдегі жоғарылау жерде отыратын. Сондай-ақ ол үстіне венециандық қызыл барқыттан алтын жіппен көмкерілген шекпен киіп жүрді; басына киген биік баскиімі де қызыл түсті алтын жіппен көмкеріліп, иығына қара құндыз жамылды. Мойнына І Павел сыйлаған алтын медальді тағып жүрді. Бекейдің өз замандастарының айтуына қарағанда: «Ол үйдің әдемі көркем болып тұруы үшін, жыл сайын мыңға жуық қоңды қойларын барқыт, алтын, парча, інжу, маржан тастарға айырбастап отырған». ХІХ ғасырдың екінші ширегінде Бекей хандығында оның баласы Жәңгір хан (1824-1845) билігі кезінде жерге жеке меншік пайда болды. Жәңгір ханның иелігінде 400 мың десятина (1 десятина - 1,6 га) жер болды, ал оның інісі Меңдігерей дәл осындай мөлшеріндегі жайылымды иеленді. Ордадағы 25-30 дәулетті бай отбасылары хандықтың барлық жерінің 88%-ын иелік етті. Осындай жағдайда халықтың үштен бірі жерсіз қалды. Қарапайым шаруалар осындай ірі жер иелерінен жерді жалға алуға мәжбүр болды. Бөкей хандығының саяси құрылымында да өзіндік ерекшеліктері болды. Жәңгір хан тұсында ру басыларын ханға жақын адамдардан патша әкімшілігі тағайындады. Сот жүйесі Хандық кеңестің мүшелері болған билердің қолында болды. Хан руларға жайылымдарды бекітіп, жерді меншікке берді. Оның басқару әкімшілігі сұлтандардан тұратын ханның он депутатынан құралды. Олар жергілікті жерлердегі мәселелерді ханның атынан шешіп отырды. Ханның жанында кеңесші ұйым - Хандық кеңес болды. Оған 12 би - әрбір ру көсемдерінен бір адам кірді. Олар Хан Ордасына орналасты Сонымен қатар әртүрлі тапсырмаларды орындайтын жасауыл қызметіндегі 12 ағаман қызмет атқарды. Олардың барлығын, тіпті молданың өзін де хан тағайындады және олардың барлығы тікелей ханға тәуелді болды. Сонымен Жәңгір хан кезінде бұрынғы басқару жүйесі өзгеріп, Бөкей хандығында патша өкіметінің мүддесін қамтамасыз ете алатын бюракратиялық ұйымдасқан аппарат қалыптасты. Бұл патша әкімшілігінің Ішкі Ордада отарлық саясатты жүзеге асыру мақсатында жасалған саясат еді. Соп себепті Бөкей хандығында отарлау саясаты күшейе бастады. Қарапайым халық екі жақты қысымға түсті. Бірі Жәңгір ханның жер мәселесі бойынша жүргізген әділетсіз саясаты болса, екіншісі патша үкіметінің отарлық саясаты болды. Ордадағы жер дағдарысымен бірге салық мөлшері өсті және патша чиновниктері қазақ халқының қарапайым азаматтық құқықтарын өрескел бұзып отырды. Онымен қоса Жәңгір хан мен оның туыстарының, әсіресе Қарауылқожа Бабажановтың халыққа қысым керсетуі шектен шығып жатты. Мұның бәрі халықтың наразылығын туғызды. 1836 жылы Беріш руының ағаманы, батыр Исатай Тайманұлының (1791-1838) басшылығымен шаруалар көтерілісі басталды. Ал оның серігі батыр әрі ақын Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) болды. Исатай Тайманұлы ауыл-ауылды аралап, казактар мен байлардың жерлерін тартып алуға шақырды. Кетеріліс болған аймақтарда хандық билік пен отарлық әкімшіліктің қызметін тоқтатып тастады. 1837 жылдың жазы мен күзінде кетерілісшілердің Жәңгір ханға қолдау көрсеткен ауылдарға шабуылдары басталды. 1837 жылы қазанда Исатай Тайманұлы Жәңгір ханның ордасын қоршауға алу жөнінде шешім қабылдайды. Көтерілісшілер саны бұл кезде 2 мың адамға жеткен болатын. Көтерілісті басуға подполковник К. Гекке басқарған астрахандық және Жайық казак отрядтары мен екі зеңбірегі бар хан жасағынан құрылған, барлығы мыңнан астам солдаты бар ірі қарулы күш жіберілді. 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде таңсәріде жазалаушы отряд пен көтерілісшілер арасында шайқас басталды. Шайқаста зеңбіректі пайдаланудың үлкен артықшылығы бар еді. Көтерілісшілер жүзге жуық адамынан айырылып, шегінуге мәжбүр болды. Жазалаушы отряд көтеріліс басшыларын қолға түсіре алмады. Патша әкімшілігі Исатай Тайманұлын ұстап берген адамға 500 сом күміспен сый берілетінін жариялады. 13 желтоқсанда түнде Исатай жасағы Жаманқала форпосты арқылы Жайық өзенінің арғы бетіне өтіп кетті. Исатай мен Махамбет шашырап кет- кен көтерілісшілерді қайта біріктіріп, 1838 жылы көктеміне қарай біршама күш жинады. Бұл хабарды естіген бойда оларға қарсы тағы да жазалаушы отряд жіберіледі. Бұл жазалаушы отрядты да К. Геке басқарды. Оның қарамағында 200 орынборлық казактар, 150 жайық казактары, екі зеңбірегі бар желілік батальонның бес жүз солдаты болды. 1838 жылы 12 шілдеде Қиыл өзені бойындағы Ақбұлақ деген жерде шешуші шайқас болды. Шайқаста көтерілісшілердің 500 жуық адамы бар негізгі тобы талқандалды. Исатай Тайманұлының өзі де қаза тапты. Ақбұлақ шайқасынан кейін шаруалардың қарсылығы бәсеңдей бастады. Жазалаушы отрядтар көтеріліске қатысушыларды аяусыз жазалауға кірісті. Оларды ауыр соққыға жығып, мал-мүліктерін тәркіледі, өмірлік жер аударылды, каторгапық жұмысқа жіберілді. 1836-1838 жылдары болған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс те осылайша жеңіліспен аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет