Тақырып Жер мәселесі. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресі Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі


Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының көтерілісі



бет5/5
Дата27.11.2023
өлшемі44,76 Kb.
#129331
1   2   3   4   5
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының көтерілісі ХІХ ғасырдың ортасында Сыр бойы қазақтарының жағдайы ете ауыр күйде болды. Себебі олар екі жақты ауыр езгіге түскен еді. Бір жағынан Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісі, ал екінші жағынан Ресейдің отарлық саясаты. Сонау 1843 жылдың өзінде шекті руының батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы басшылығымен болған кетерілісте Қуаңдария бойындағы Хиуа бекінісі талқандалса, 1845 жылы Хиуа бекінісін қалпына келтіруге аттанған 200 мыңға жуық әскер талқандалды. Сондай-ақ қазақ жасақтары Жаңақапа бекінісін алды. 1847-1В48 жылдары Ресейдің Сырдария әскери желісіндегі бірінші қамал Райым бекінісіне хиуалықтар төндірген қауіпке қарсы Жанқожа батыр өз жасақтарымен орыс әскерлеріне бірнеше рет көмектескен-ді. Бірақ ХІХ ғасырдың ортасында Сырдария желісіне Ресей әкімшілігі казактар мен орыс шаруаларын белсенді түрде қоныстандыра бастады. 1853 жылы Орынбор губернаторы Б.Перовский Ақмешітті басып алды. Осылайша, Сырдария аскери желісі ұлғайып, нығайа берді. Бұл жағдай қазақ халқының ауқымды жерлерін бекіністер мен ондағы казактарға тартып әперуге әкеп соқты. Мысалы, 1857 жылы үш мыңға жуық қазақ отбасы өз жерінен қуылып, олардың жеріне қоныстанушылар орналастырылған. Отарлық езгінің күшеюі жер мәселесінің шиеленісуіне, патша әкімшілігінің алым-салықтарды өсіруіне әкеп соқты. Хиуа хандығымен де қатынас шиеленісе түсті. Өйткені, олар бұл аймақты өздерінің ықпалындағы жерлер деп есептеді. Мұндай екі жақты қысымға шыдамаған Сырдария қазақтарының көтерілісі 1856 жылы басталды. Оған Кенесары Қасымұлының кетерілісіне белсене қатысқан 90 жастағы шекті руының батыры Жанқожа Нұрмұхамәдұлы жетекшілік етті. 1856 жылдың аяғында Қазалы аймағын түгелімен көтерілісшілер басып алды. Жанқожа батыр 1500 жасағымен Қазалы форпосын қоршап алып, Солдат слободасын жойып жіберді. Көтерілісшілерге қарсы майор Болатов және Михайловтың басшылығымен әскери отряд жіберілді. Бірақ олардың әскери қимылдарынан еш нәтиже шықпады. Содан соң көтерілісті басу үшін генерал-майор Фитингофтың зеңбіректермен қаруланған құрамында 300 казак, 320 солдаты бар қосымша әскери бөлім жіберілді. 1857 жылы 9 қаңтарда Арықбалық деген жерде шешуші шайқас болып, көтерілісшілердің саны 5 мыңға жетсе де жеңіліске ұшырайды. Жанқожа батыр қалған жасағымен Сырдарияның оң жағына, яғни Хиуа хандығына қарай өтуге мәжбүр болды. Олармен бірге 20 ауыл бірге көшіп кеткен еді. Сырдария қазақтарының көтерілісі осылайша жеңіліспен аяқталды. Жазалаушы әскери белімдер ауылдарды тонап. тек ірі қараның өзінен ғана 21400 бас малды айдап әкеткен. Көп жылдар бойы патша өкіметіне Есет Көтібарұлы да қарсылық керсетті. 1847 жылы 18 маусымда Ембі өзені бойында олар Орынбордан шыққан жазалаушы отрядқа шабуыл жасайды. Бірақ та, қарсыластарының жақсы қаруланған күштеріне төтеп бере алмай жеңіліске ұшырап, кейін шегінеді. Есет батыр 1858 жылдың күзіне дейін күресін тоқтатпады. Осы жылдары Қазақ жерінің оңтүстігінде де отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар өрши бастаған болатын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет