Тақырып: Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы көтеріліс



Дата03.12.2023
өлшемі14,52 Kb.
#132946
Байланысты:
Тарих




Тақырып:Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы көтеріліс.
1916 жылдың шілде тамыз айларында халық арасындағы мазасыздық бірте бірте бүкіл Қазақстанды жайлаған көтеріліске ұласты.Ондай көтерілістердің ең ірі ошақтарының бірі Жетісу болды.Жетісуда шілдеде ақ отаршылдарға қарсы қарулы күрес басталып кеткен болатын.Бұл жерде көтерілісті Тоқаш Бокин мен Бекболат Әшекеев басқарды.Көтерілісшілерге қарсы патша әскерінің артиллерия мен зеңбіректермен қаруланған арнаулы жасақтары шықты.Ауылдар мен қалаларда барлық күдікті адамдар жаппай тұтқындалып,оларды әскери-дала соттары өлім жазасына кесіп отырды.1916 жылдың қыркүйегінде Лепсі уезінде көтерілісшілердің патша әскерлерімен қарулы қақтығыстары орын алды.Патша әскерінің жағында күш басым еді,өйткені оларда артиллерия мен зеңбіректер бар болды.Көтерілісшілердің нашар ұйымдастырылған,оның үстіне нашар қаруланған жасақтары жеңіліске ұшырады.Қыркүйектің соңында Қапал уезінде болған патша әскерлері мен көтерілісшілердің қақтығысында көтерілісшілер жазалаушыларға соңғы соққыларын беріп,тауға қарай қашады.Патша әскері олардың артынан қууға тәуекелі жетпеді.1916 жылдың қазан айына қарай Жетісудағы көтерілісте жаншылды.Патша жазалаушылары көтерілісшілерді ғана емес,бейбіт халықтарды да қырып д жойды.Қазақ ауылдары өртеліп,көптеген қазақтарымыз ажал құшты.Патша әскері қуғын сүргінге салған 300 мыңнан астам қазақ пен қырғыз туған жерлерін тастап,Қытайдың Құлжа өлкесіне және Қашқарияға қашты.Ешбір сотсыз,атылғандарды есептемегенде патша үкіметі 347 адамды өлім жазасына кесіп,578 адамды жұмысқа жіберді,129 адамды түрмеге қамады.Сондада ел ішінде толқу басылмады.Сол уақытта халықтың бас көтеруі Семей мен Ақмола облыстарына да келіп жетті.Қыркүйектің 26 сында Көкшетау уезінің Қожас мекенінде қарулы жігіттер казак жасағына шабуыл жасады.Бір күннен кейін Ақмола уезіндегі Қоржынкөл болысында ұрыс болды.Қазанның 8 і Алексеевка ауылында қазақтардың сол жасағы жазалаушылармен кездеседі,табанды қарсылық көрсеткен соң кейін шегінуге мәжбүр болды.Қазанның 29 ында Атбасар уезіндегі Қыпшақ уезіне жақын жерде 1000 нан астам көтерілісшілер патша әскерімен соғысып жатты.Көтерілісшілер батылдық пен өшеттілік көрсеткеніне қарамастан,жақсы қаруланған патша әскері 1916 жылғы қазанның соңына қарай Семей мен Ақмола облыстарындағы көтерілісті басты.Көтерілістің жеңіліс табуына қазақтардың бытыраңқы әрекет етуімен,араларындағы байланыстың жоқтығы себеп болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет