Тақырып Касса операциялар есебі Сабақтың мақсаты


Ақша қаржылары мен құндылықтарды қабылдау және беру, касса бойынша айналымдарды салыстыру және күн қорытындысы



бет2/3
Дата04.02.2023
өлшемі25,92 Kb.
#65128
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
лекция 7

7.2. Ақша қаржылары мен құндылықтарды қабылдау және беру, касса бойынша айналымдарды салыстыру және күн қорытындысы
Ұлттық Банктің орталық басқармалары екінші деңгейлі банктер ұсынған тапсырыстар негізінде, нақты ақшаның түсуі мен бекітімнің берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Орталық басқарма республика бойынша айналымға қажетті ақша мөлшерімен толық қамтамасыз етуі тиіс.
Ол Ұлттық Банк пен ІІ деңгейлі банктер қолданатын кассалық операциялар есебі мен ұйымдастырылуына байланысты қолданбалы нұсқау материалдарын дайындайды, бекітуге ұсынады. 209-шы нұсқаулыққа сәйкес Ұлттық Банк бөлімшелеріндегі кассалық операцияларды мыналар жүеге асыруы тиіс:

    • франт-офис

    • бэк-офис

    • бас бухгалтерия.

Фран-офис банкнот пен монеталарды дайындауға байланысты шығындар сметасын, кіріс пен шығыс сметасын дайындайды, нақты ақшаны жеткізуді және қаптардың, қару-жарақтың, байланыстың, формалық киімдердің және тағы сол сияқтылардың жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.
Бэк-офис бастапқы құжаттар негізінде нақты ақшаны ұсыну мен қабылдау операцияларының есебін және бақылауды жүзеге асырады, касса қалдығы туралы күнделікті есеп беруді дайындайды, резерв қорының қалдығы мен нақты ақша қозғалысы туралы айлық есеп берулерді әзірлейді.
Бас бухгалтерия эммиссионды-кассалық операциялардың бэк-офисте дұрыс жүргізілуін бақылайды және синтетикалық есепті жүзеге асырады. Аналитикалық нақты есеп бэк-офисте жүргізіледі. Ақша белгілері нұсқаулықта көсетілгендей 100 купюрадан түбіртекке және 10 түбіртектен бумаға жинақталады.
Банкке нақты ақша заңды тұлғалардан нақты ақша жарнасының хабарламасы негізінде, ал жеке тұлғалардан аманат ретінде қосылған нақты ақша жарнасы 51/36 форма бойынша, аманатқа қосымша жарналар 51-кіріс ордері негізінде қабылданады. Барлық аталған құжаттарда нақты ақша қабылданған күн көрсетілуі тиіс және белгіленген операцияның есебін жүргізуші бухгалтерге өткізілуі қажет. Бухгалтер құжаттың дұрыс толтырылуын, қолдардың қойылуын тексеріп, қатар нөмірін белгілейді және кассалық жоспар символына сәйкес белгі жасап, кіріс касса журналына тіркейді. Бухгалтер құжаттарды кірістер бойынша кіріс касса журналына тіркеп, ішкі тәртіппен кассаға жолдайды. Кассир клиентті шақыры, нақты ақшаны қабылдайды және клиентке хабарламаның түбіртегі мен кіріс ордерінен талонды ұсынады. Аманат бойынша нақты ақша қабылдау кезінде:
ДТ-1001
КТ-2203,2211
Байланыс мекемелері арқылы банк мекемелері келесілерді жіберуі мүмкін:

  1. Төлем қабілетін анықтауға белгіленген ақша белгілерін;

  2. бастапқы құны бойынша бағаланған ақша белгілерін;

  3. Бір теңге есебімен бағаланған ақшалай немесе есеп айыру чек кітапшаларын;

  4. Инкассаға қабылданған шетел валютасын.

Банк мекемесі байламның, мөрдің, тығынның (пломба) бүтіндігін және жазбаны барысында тексеруі керек. Егер жетіспеушілік табылса, жіберуші банк, байланыс бөлімшесі және алушы қамтамасыз ету үшін үш данадан акт толтырады. Егер ешқандай ауытқу болмаса, онда алынғандарды кірістеу үшін баланстан тыс 9957-«Ашылмаған, құндылығы бар сәлемдемелер» шоты бойынша есептелінеді.
Күн соңында касса қызметкері операциялық бөліммен салыстыру үшін қолданылатын кассалық құжаттар бойынша айналымдар анықтамасын құрады.
Кіріс кассаның кассирі әрбір бухгалтер бойынша өзара салыстырудан кейін, бекітілетін қабылданған нақты ақша көлемі мен сомасын, құжаттар санын көрсетеді және кіріс журналындағы қорытындымен салыстырады.
Шығыс касса кассирі өз мәліметтерін бақылаушы қорытындысымен салыстырады. Кассирлер ақша қалдығы мен барлық құжаттарды касса бойынша айналымдар қорытындысын жасау үшін касса меңгерушісіне тапсырады, онда құжаттар саны, касса кірісі мен шығыс сомалары көрсетіледі. Бұл мәліметтер банктің қойма кітабында тіркеледі, қалған нақты ақша қалдығын үш материалды жауапты тұлғалардың қатысуымен банк қоймасында қалдырады, мәліметтерді қойма кітапшасына енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет