Тақырып Касса операциялар есебі Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата04.02.2023
өлшемі25,92 Kb.
#65128
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
лекция 7


Тақырып 7. Касса операциялар есебі
Сабақтың мақсаты: Банктегі кассалық операциялардың ұйымдастырылуын, құжат айналымын меңгерту.
Сұрақтар:
7.1. Банк мекемесінде кассалық жұмысты ұйымдастыру, ақша қаржылары мен құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалардың жауаптылғы.
7.2. Ақша қаржылары мен құндылықтарды қабылдау және беру, касса бойынша айналымдарды салыстыру және күн қорытындысы.
7. 3.Банктің айналым және операциялық кассасы, оларды реттеу тәртібі.
Түйінді түсініктер: касса, кассалық операциялар, касса кітабы, кірі және шығыс ордерлері, ақша аударымдары, ақша төлемдері, операциялық касса.


7. 1. Банк мекемесінде кассалық жұмысты ұйымдастыру, ақша қаржылары мен құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалардың жауаптылғы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» заңына байланысты, ІІ деңгейлі банктерден алынған өтінішке сәйкес уақытылы нақты ақша түсімдерін және ақша көлемін бекітуді қамтамасыз ететін біріңғай кассалық орталық қызметі Ұлттық Банктің басқармасына жүктелген.
Кассалық жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы мен есептің дұрыс жүргізілуі және уақытылы есеп беруді жүзеге асыру үшін материалды жауапты тұлғаға жауаптылық бекітілген:

  1. Банк басшысы

  2. Бас бухгалтер

  3. Касса меңгерушісі.

Кассалық операциялар бойынша жұмыс кассалық жоспарға сәйкес ұйымдастырылады және операциялық бөлім қызметкеріне кассалық жоспар символдары бойынша қаржының мақсатты қолданылуының есебі жүктелген. Кассалық опкрация жұмысымен кассир айналысады. Ол банк алдында енгізілген ақша және құндылықтардың сақталуы үшін материалды жааупты тұлға болып саналады. Кассир және инкассатор қызметкерлеріне мыналар рұқсат етілмейді:

  1. Құндылықтармен орындалатын жұмысты басқа адамдарға тапсыруға және өз міндетіне кірмейтін жұмыспен айналасуға;

  2. Банктегі шоттар бойынша тікелей нақты ақшаны алу және салу бойынша, кәсіпорынның, ұйымның, мекеме, азаматтардың тапсырысын орындауға, сондай-ақ олпрдан бухгалтерлік қызметкерлерді ескертпей тікелей ақшаларды алуға және салуға, құжаттарды қабылдауға;

Өз ақщалары мен құндылықтарын банк ақшасымен, құндылықтарымен бірге сақтауға.
Әрбір кассирге жеке іс жүргізіледі, онда жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, материалды жауаптылық туралы міндеттеме, тұрғылықты жері туралы мәліметтер, соңғы жұмыс орнынан алынған мәліметтер, суреті (фотосы) сақталынады.
Орындалған жұмыс көлеміне байланысты келесі кассалар құрылуы мүмкін:

  1. Кіріс кассасы

  2. Шығыс кассасы

  3. Кешкі касса

  4. Қайта есептеу кассасы

  5. Айырбас кассасы

  6. Кітапша беру бойынша кассалар.

Кассирдің жұмыс орны міндетті түрде сейф, есептеу техникасымен, бір-бірінен алыстатылған арнайы үстелдермен жабдықталуы керек.
Әрбір банк мекемесінде кассадан тыс басқа да қоймалар болады, онда міндетті түрде сақталуда болатындар:

  1. Операциялық күннің соңындағы ақша қалдығы;

  2. Шетел валютасы. Құнды металдар,

  3. Аымды жылдағы кассалық құжаттар;

  4. Баланс, жылдық есеп беру формалары;

  5. Ұзақ мерзімді несие бойынша міндеттемелер;

  6. Қатаң беру бланкілері.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет