Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


№ 13-14 дәріс Тақырыбы



бет50/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
2

№ 13-14 дәріс

Тақырыбы: Болашақ ұстаздарды даярлаудағы үздіксіз педагогикалық практиканың маңыздылығы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Үздіксіз педагогикалық практиканың мақсаты, міндеттері, мазмұны
2. Жоғары оқу орындарындағы үздіксіз педагогикалық практиканың құрылымы
3. Педагогикалық әдеп
Дәрістің қысқаша мазмұны: Педагогикалық практиканы қарастыратын болсақ оның басқа іс-әрекеттермен салыстырғанда өзгешеліктері көп. Педагогика саласында педагогикалық теория және педагогикалық практика деген ұғымдар ажыратылады. Педагогикалық теорияға біртұтас құбылысты зерттеу арқылы қол жеткізген қағидалар, заңдар, тұжырымдамалар, идеялар, көзқаратар жүйесін жатқызуға болады. Мысалы, оқыту теориясы, қарым-қатынастар теориясы, кәсіби білім беру теориясы т.б.
Кәсіби білім беру саласында педагогикалық практика болашақ мамандардың өздері таңдаған кәсіптерін практика жүзінде, тереңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарындағы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін шынайы педагогикалық процесс жағдайында шығармашылықпен іске асырып, өздерін педагог ретінде сынап көрулеріне, болашақ кәсіптерінің қыр-сырымен тереңірек танысуларына бағытталған.
Үздіксіз педагогикалық практика жоғары оқу орнындағы студенттерге әр курста жүйелі түрде біртіндеп күрделендіру идеясына негізделген бағдарламалар бойынша арнайы ұйымдастырылған, теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін ұштастыруға, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған процесс.
1 курс студенттерінің педагогикалық практикасының мазмұны мынандай негізгі міндеттерді шешумен анықталады:

  • студенттердің педагогикалық кәсіпке деген қызығушылықтарын дамыту және оған деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру;

  • педагогикалық құбылыстарды бақылауға үйрету және оларды күнделікке жазып талдауға үйрету;

  • студент-практикантты өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттау;

  • сабақтарға қатысу арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін бақылауға дағдыландыру;

  • сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде тәрбиелік іс-шараларға қатысып оқушылармен бірге адамгершілік, азаматтық-патриоттық, экологиялық, эстетикалық т.б. арнайы тақырыптарға байланысты тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрену.

2 курстағы педагогикалық практиканың мазмұны төмендегідей негізгі міндеттерді шешуге негізделген:

  • сыныптағы педагогикалық процестің нақты жағдайын, мұғалімнің оқу және оқудан тыс жұмыс тәжірибесін зерттеу;

  • оқушы тұлғасын педагогикалық процестің субъектісі ретінде зерттеу;

  • педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмыстарына сынып жетекшісінің көмекшісі және пән мұғалімі ретінде қатысуы.

3 курстағы педагогикалық практика студенттердің негізгі психологиялық-педагогикалық пәндермен танысуларын тәмәмдәп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен (курс жұмысы, дипломдық жұмыс) айналысуына байланысты жүргізіледі. Ол практиканың мазмұны мынандай негізгі міндеттерді шешуге негізделеді:

  • мұғалімдік кәсіпке деген тұрақты қызығушылықты және сүйіспеншілікті дамыту;

  • мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық процесті тұтас қабылдауды қалыптастыру;

  • мұғалімнің оқушылармен педагогикалық поцесс субъектілері ретінде қарым-қатынас жасауын және олардың танымдық іс-әрекеттеріндегі мұғалімнің жетекші роль атқаратындығын түсіндіру;

  • 1-2 курстағы педагогикалық практикада қалыптастырған жалпы педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын дамытып жетілдіру;

  • мектеп ішілік жоспарлармен, пән мұғалімі және сынып жетекшісінің жоспарларымен таныстыру;

  • ғылыми-педагогикалық зерттеулер және әдіснама негіздерін зерттеу;

  • оқудан тыс жұмыстарды жоспарлау, нақты тәрбиелік міндеттерді анықтап шешу, оқушыларды тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын таңдай алу іскерліктерін қалыптастыру.

4 курстағы мемлекеттік педагогикалық практика студенттердің жан-жақты (педагогикалық, психологиялық, әдістемелік) даярлықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. Бұл педагогикалық практиканың мазмұнын төмендегідей негізгі міндеттері арқылы қарастыруға болады:

  • студенттердің инновациялық шығармашылдық ойлау қабілеттерін дамыту;

  • тұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлығын қалыптастыру;

  • студенттердің оқушы тұлғасын және мектептің, сыныптың педагогикалық процесінің нақты жағдайын диагностикалау үшін жалпы педагогикалық білім, білік, дағдыларын жетілдіру;

  • оқушылармен, ата-аналармен, мектеп ұжымындағы әріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйрету;

  • ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік т.б. іскерліктерін дамытып қалыптастыру;

  • тұтас педагогикалық процестің негізгі үш міндетін (білім беру, дамыту, тәрбиелеу) іске асыруға, сабақтың міндеттерін анықтауға, өз пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға, инновациялық технологияларды қолдануға үйрету;

  • педагогикалық іс-әрекетке деген ізденушілік, шығармашылық көзқарасты қалыптастыру;

  • тұлғалық қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі бағалап, өзін-өзі дамытуға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет