Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі



бет51/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі

  1. Тәрбие жұмыстарының тақырыбын анықтау.

  2. Тәрбие жұмысының түрлерін анықтау (сағаты, пікірталас, жарыс, кездесу, кештер және т.б.).

  3. Тәрбие жұмыстарының мақсатын және міндетін өңдеу.

  4. Тәрбие жұмысына қатысушы, ынталы тәрбиеленушілер тобын анықтау.

  5. Тәрбие жұмысын ынталы топпен біріге отырып жоспарлау.

  6. Ынталы топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру.

  7. Тәрбие жұмысына тәрбиеленушілерді дайындау.

  8. Топ жетекшісі ретінде тәрбиеленуші кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету.

  9. Ынталы топтың мүшелерімен бірге тәрбие жұмысының дайындығын тексеру.

  10. Тәрбие \жұмысын өткізу.

  11. Тәрбиеленушілермен өткізген тәрбие жұмысын талдау. Жетістіктерін, кемшіліктерін анықтау.

  12. Тәрбие жұмысының келешек жоспарын анықтау.

Тәрбие жұмыстарын талдаудың үлгі нұсқасы

  1. Тәрбие жұмысын жүргізуші студенттің аты жөні, тобы, мекеме.

  2. Тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттерін анықтауы.

  3. Тәрбие жұмысын өткізу түрлерін анықтауы.

  4. Іс шараларды өткізудің дайындығын талдау:

а) тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар және ынталылар тобының құрамы (мұғалім, сынып белсенділері, ынталы топ, барлық ұжым);
б) тәрбиеленушілердің қызығушылығын, жас ерекшеліктерін, олардың тәрбиелік деңгейін ескеруі;
в) тәрбие жұмысын жоспарлау және дайындау ерекшеліктері;
г) оқушылардың тұлғалық сапасына, ұжым ретінде біріктіруге тәрбие жұмыстарының дайындығының әсері.
5. Іс шараларды талдау барысы:
а) Тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін анықтау;
б) іс-шараның басындағы психологиялық даярлық, оған жету құралдары;
в) тәрбие жұмысын өткізу кезіндегі оқушылардың ұйымшылдығы және тәртіптілігі, оларды көтермелеу әдістері;
г) өтілетін тәрбие жұмысының мақсатына және міндетіне сәйкес өткізілу орнын (кабинет, зал) безендіру;
д) Тәрбие жұмысының барысына оқушыларды тарту, оқушылардың эмоциясына әсер ету құралдары, оқушылардың эмоциясын білдіру түрлері;
е) Тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін негіздеу.
6. Тәрбие жұмысының қорытындысын талдау:
а) Қойылған міндеттер қандай дәрежеде жетілдірілді (қандай ұғымдар түсіндірілді, тереңдетілді, оқушылардың оған қандай қатысы бар, қарастырылған мәселелер бекітілді ме, алынған мәліметтерді өмірде пайдалануға балалардың қызығушылығы болды ма?
б) жеке оқушылардың және ұжымның ары қарай дамуына тәрбие жұмысының әсері.
в) Тәрбие жұмысының тиімділігін төмендететін әдістемелік қателіктер мен кемшіліктер және оларды жою жолдары.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Үздіксіз педагогикалық практиканың негізгі мақсат, міндеттері қандай?
2. Жоғары оқу орындарындағы үздіксіз педагогикалық практиканың құрылымы қандай?
3. Педагогикалық практика кезіндегі тәрбиелік жұмыстардың маңыздылығы неде?
4. Тәрбиелік жұмыстың қандай формаларын атай аласыз?
5. Педагогикалық әдеп дегеніміз не?
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар.

      1. Тәрбиелік іс-шараның бір тақырыпқа байланысты жоспарын, сценариін жасаңыз.

      2. Сол тақырыптағы тәрбие жұмысын әр түрлі формада ұйымдастырылуын ойластырып көріңіз де, оның 3 вариантты сценарийін құрастырыңыз.

      3. Оқушылар ұжымындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін 10-15 сұрақтан тұратын педагогикалық сауалнама құрастырып оны практика барысында жүргізіп көріңіз. Оқушылар жауаптарына педагогикалық талдау жасаңыз.

      4. Практиканттың педагогикалық папкасын дайындап ондағы жинақтаған материалдарыңызға талдау жасаңыз.

      5. Практика соңында өзіңіз жайлы оқушылар пікірін білу үшін анонимдік сауалнама сұрақтарын құрастырып немесе шағын эссе жазғызып жинап алыңыз да олардың жауаптарын талдап көріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет