Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет11/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Білім беру барысындағы тұлғалық қатынас пен дербестік қатынастың айырмашылығы неде?
2. Білім беру саласындағы дағдарыс дегеніміз не?
3. Әлеуметік фрустрацияның себебі не?
4. Білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық теориясының мәні неде?
5. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғысынан қарау теориясының мәні?
6. Аксиология дегеніміз не?
7. Әлеуметтендіру ұғымын қалай түсінесіз?
8. Білім беру саласында құзыреттілік тұрғысынан қарау теориясының мәні?
9. Білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттың маңыздылығы неде?

4

№ 6-7
дәріс

Тақырып: Жеке тұлға, оның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мәселелері. Кәсіптік білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны.
Мақсаты: Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын және ғылыми-педагогикалық білімдер саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының маңыздылығын, рөлін ашып көрсету
Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті таңдау мотивтері, педагогика тарихы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы
2. Кәсіби білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны
3. Студенттің педагогтік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңыздылығын түсінуі
Дәріс қысқаша мазмұны: Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталамыз. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» - бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Еж. Грецияда педагогтер деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған. Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтік кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтер деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған. Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуі еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты болған. Біртіндеп еңбек түрлері күрделенуіне байланысты еңбек құралдары да өзгерді. Саналы түрде еңбек құралдарын дайындау процессінің күрделенуіне байланысты жас ұрпаққа ол тәжірибені арнайы үйрету үшін қауымдағы ақсақалдар, жастары ұлғайған адамдар шағын әлеуметтік топ құрып балаларды еңбек құралдарын, тұрмысқа қажет заттар мен әшекей заттарды жасауға үйретіп, оларды қоғамдық өмірге дайындау және тіршілік ету үшін еңбек іс-әрекетімен айналысқан. Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған. Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер, жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған. Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.
Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі. Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық.
Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті. Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады. Оның «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары», «Азаматтық саясат», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейін педагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады. Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу-Райхан әл Бирунидің тарихи-тәлімдік, математикалық пікірлері, әл-Хорезмидің төрт ғасырдай Европа елдерінде оқу қүралы ретінде қолданылған «Ал-Джебр» еңбегі, Фирдоусидің «Шахнамасы», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» тағы басқа тәлім-тәрбиелік еңбектері жастарды білім-ғылымға шақырудағы, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас. Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипатта болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болысымен-ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиелеушілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитын болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбие мен оқыту процестерін ажыратпай біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінің рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл-Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамымызда да өзекті болып отыр. Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуының объективті қажеттіліктері анықтады деуге болады. Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XVII ғ. өмір сүрген чех педагогы Я.А.Коменскийдің қосқан үлесі зор. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педагогикалық еңбектер жазып, оқытудың сынып-сабақ жүйесін жасаған адам. Қазіргі кездегі сынып-сабақ жүйесі, каникулдар, оқыту принциптері осы педагогтің атымен тығыз байланысты. Жалпы педагогика ғылымының дамуында, жетілуінде И.Г.Песталоции, Жан Жак Руссо, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, В.А.Сухомлинский сынды ұлы педагогтердің есімдері ерекше орынға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет