Тақырып: Ұлттық діндер және олардың түрлері. Үндістандағы ұлттық діндер индуизм және сикхизм



бет3/3
Дата20.03.2023
өлшемі18,76 Kb.
#75530
1   2   3
Байланысты:
Ұлттық діндер

Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып – білуге адамның ақылы жетпейді. Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе – әлемнің, адамның жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәптіштеп жазып шыққан. Мұны ол дінге, көне мифтердегі айтылатын құдайларға сенгендігінен емес, тарих және халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса, олар соғұрлым маңызды және құнды деп есептеген. Діни ғұрыптар мен рәсімдер адам мен құдырет иесін байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Конфуцийдің түсінігінде ғұрыптар мен салттарды сақтамайтын адам – өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес мақұлық. Яғни конфуцийліктегі құлшылықтың объектісі – көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы рәсімдер. Философтың өмірі – осы рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша, үш мың ереже мен үш жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды өте ұнатқан. Аспан құдіреті – тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құрбандық ғұрыптарына үнемі қатынасып отырған. Сонымен бірге, әлдекім Құдіретті Аспан туралы сөз қозғай бастаса, бұл уақытты босқа шығындау деп, ашу шақыратын болған. Ал оның шәкірттерінің кейбірі аспан – табиғаттың бір бөлегі және ол туралы сөз етудің еш қажеттігі жоқ деп тура қайырып тастайтын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет