Синтоизм(«жапон. Синто – құдайлар жолы ) – Жапонияда ежелгі феодалдық дәуірде жергілікті анимистік нанымдар мен шаман діни нанымдары белгілерінің негізінде қалыптасқан дін. Билеп- төстеп отырған император династиясының бастауы, ең басты құдайы, күн құдайы Аматәрасуболып табылады, шығу кезінен бастап синтоизм будда дінімен тығыз байланыста. Елде будда діннің таралуына байланысты синтоизмнің рөлі бірте – бірте кеми берді. Будда храмдары кезінде синтоизм абыздарының рұқсатымен салынған және синтоизм құдайлары олардың қамқоршысы деп есептелінді. Өз ретінде кейбір синтоизм храмдарына будда құдайлары қамқоршы делінеді. Орта ғасыр дәуірінде аралас синто – будда храмдары да пайда болды.
Иудаизм – өте ерте шығып, осы кезге дейін сақталып келген еврейлердің діні . Семит тайпасының ішінде б.д.д. екі мыңыншы жылдар ішінде шыққан. Израиль мемлекетінде иудаизм мемлекеттік дін болып саналады. Иудаизмнің өзіндік ерекшелігі бар ; бір құдай Яхвені ғана мойындау, еврей халқы «құдайдың қалаулысы» деген уағыз, қасиетті кітаптарды күнәсіз деу, мессияға ( құтқарушы құдайдың келуі ) , о дүниеге сену Иудаизм пайда болғаннан бастап ұлттық сипат алды, «Құдай қалаған халықтың» Яхве құдаймен одақ құрған діні болып жарияланды. Құдай қалағандық идеясы, тіптен еврейлер басқа елдерге таралып кеткен күннің өзінде де, иудаизмге еврей тайпаларынан тысқары шығуына мүмкіндік бермеді. Мұның себебі – иудаизмнің ұлттық сипатында. Иудей дінінің өзегі – яхве құдайдың құдіреттілігіне сену. Иудаизм қызметшілері діндарлардан құдайға соқыр сенімді талап етеді. Қазіргі иудаизмнің жаңа ерекшілігі оның христиан дінімен жақындасуында. Бұл мәселе төңірігінде алғашқы сөз еткен Англиядағы еврей буржуазиясының өткен ғасырдың аяғындағы өкілі Клод Монтефьоре. Діни мәселелеріндегі бірігу тенденциясына қоғам қайраткерлері де жақ болуда. Ватикан да бұл бірігу ұмытылысына оң қарайды, арнаулы комиссия осы мәселемен шұғылдануда. Осындай бірігу тенденциясымен қатар иудейлер дінінде неохасидизм де орын алып отыр.
Зороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те аталады.
Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». Зороастризм ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.[1]
Зороастризм діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.
Конфуций діні
Конфуций
Біздің жыл санауымызға дейінгі YI ғасырда Қытайда жаңа философиялық – дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун – Цзы немесе Кун – ұстаз (европалық транскрипцияда – Конфуций) болды. Конфуций біздің заманымызға дейінгі 551 жылы туылып, 407 жылы дүниеден қайтты.
Конфуциийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Оның ішінде ғұламаның шәкірттерінің де қосқандары аз емес. Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:
- «Өзгерістер кітабы». Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал. - «Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді. «Діни өлеңдер кітабы». Жинаққак әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген. - «Салтанатты рәсімдер кітабы». - «Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады. «Да-Сюэ» (Ұлы ілім), «Чжун-юн» (Тепе – теңдік туралы), «Лун – юй»
Достарыңызбен бөлісу: |