тақырып Математикадан дәстүрдентыс сабақ


Қорытынды: Жеңімпаздарды марапаттау



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі21,56 Kb.
#14260
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды: Жеңімпаздарды марапаттау.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратындай логикалық есептерді шығарудың білімділік те тәрбиелік те маңызы өте зор.Өйткені, есептерді шығару барысында оқушылардың математикалық ұғымдарды меңгеруі және ойлау қабілеттері дамиды.

Өз пікірін логикалық жолмен дәлелдей білуге,алған білімдері бойынша қорытынды жасауға жаттығады.Бұл сабақтарда:

1.Оқушылардың білімдері жүйеленеді

2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері ,білім мен білік дағдылары дамиды,интеллектуалдығы

қалыптасады.

3.Еңбекке, өзін-өзі басқаруға,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындайды.Жұмбақтар шешу,қызықты есептер шығару,амалдарға байланысты есептер, сиқырлы квадраттар т.б.

Енді мынадай сиқырлы квадраттарға тоқталып өтейін.

«Ғажайып десерттер»

А) Тиісті сандарды тауып,сиқырлы квадраттың бос тор көздерін толтыру.

Сиқырлы квадраттың қатары бойындағы және қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінділер диагоналъдар бойындағы сандардың қосындысы тең болуы және бір сан қайталанбауы шарт.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,математикадан алған білімін қолрытындылауда,тәлім-тәрбиесін,танымдық қабілетін,белсенділігін арттыру мақсатында «сыныптан тыс өтілетін іс-шаралардың алатын орны ерекше.

Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету,пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында бағдарламадан тыс логикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамын. Өйткені логикалық ойлау арқылы оқушының шығармашылық қабілеттері дамиды.Ол өз беттерінше жұмыс істеуге үйренеді,шығармашылық ізденісте болады.

Шығармашылықпен еңбек ететін оқушыда логикалық ойлау зеректігі,терең білім алу қабілеті дамиды.Сондықтан мен өзімнің сабағымда оқушылардың ізденімпаздығын қалыптастыру үшін, танымдық,шығармашылық,логикалық тапсырмалар ұсынып отырамын.Тапсырмалар пәнішілік,пәнаралық байланыста болу керек.Олардың мазмұны мен танымдық деңгейі сараланған,проблемалы болу керек.

Математика сабақтарында қатыстыруға болатын логикалық тапсырмалардың мазмұнын тиімді құрастыру керек.Халық даналығында да логикалық есептер көптеп кездеседі.Бұл есептерді халқымыз өз ұрпағын ұшқыр ойлы,есте сақтау, бақылағыш қабілеттерін жоғары етіп тәрбиелеуде пайдаланып келген.Логикалық есептерді


шешудің негізгі мақсаты-жас ұрпақ тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі-баланың ойлау жүйесін ретке келтіріп,шыңдай түсу,өмірдің кез-келген жағдайында дұрыс

және ұтымды шешім таба алатындай ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың пәнге қызығушылығын мен ынтасын арттыруда,шығармашылық қабілеттерін арттыруда,логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда математикадан сыныптан тыс жұмыстар өткізудің маңызы зор.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Математика және физика журналдары

2.Б.Адилова «Жедел-тест»Математика және физика №4.2009 ж.

3.А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер,З.Ә.Жұмағұлова Математика

әдістемелік нұсқау Алматы «Мектеп» 2009 ж.

4.Т.А.Алдамұратова

Математика.Методическое руководство: для учителей 6 класса

общеобразователъной школы.-



Алматы:Атамұра.2006-176 стр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет