2-кезеңнің шарты:
Таблода сәйкес сұрақтың тұсында сол сұрақтың құны белгіленген.Егер таңдалған сұраққа дұрыс жауап берілсе,ұпай сол ойыншыға беріледі.
Арифметика
|
5
|
10
|
20
|
10
|
Логика
|
5
|
10
|
20
|
10
|
Жұмбақтар
|
5
|
10
|
20
|
10
|
Арифметика.
1) 5,075 санын ондық үлестерге дейін дөңгелекте? (5,1)
2) Шаршының қабырғасы 9 см.Периметрі неге тең? (36 см)
3)Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды табыңдар? (111)
4) Бөлімдері 10,100,1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? (ондық)
2.Логика
50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5 бала)
«Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті.Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1сағ 43 мин)
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық,5-тен кем сан шығады? (үтір)
10 ақ шар, 8 қызыл шар, 11 қара шар бар.Міндетті түрде бір ақ шар алып шығу үшін неше шар алу керек? (20)
3.Жұмбақтар
Біз санбыз...
Сызықпыз бөлінген
Математиканы ұқпас адамға.
Құбыжық болып көрінген,
Дұрыс,бұрыс, аралас.
Ондық болып бөлінген.
Қандай сан? (Бөлшек сан)
Бір,үш,бес,он,
Жиырма, елу,
Жүз,екі жүз,мың бар,
Әрқайсының құны бар.Ол не? (теңге)
Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң,теріс сандар осында! (рационал сан)
Алды артымыз шексізде,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді,
Шыққан еді біздерден. (түзу)
Достарыңызбен бөлісу: |