Тақырып 1. Материялық нүктенің кинематикасы. №2 дәріс (1 сағат). Мақсаты: Кинематиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын формулалары мен графиктерін білу.
Жоспар:
Үдеу. Тангенциал және нормаль үдеу.
Қатты дененің кинематикасы.
Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысы.
Қозғалмайтын осьтің маңындағы айналмалы қозғалысы.
Үдеу. Тангенциал және нормаль үдеу.
Қозғалыс кезінде жылдамдық тұрақты болмайды.
Уақыт бойынша жылдамдықтың бағыты мен өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шамаүдеудеп аталады.
Үдеу - векторлық шама. Қисық сызықты қозғалыс кезінде жылдамдығының модулі мен қатар бағыты да өзгереді. Қай бағытта? Қандай жылдамдықпен? (2.1.1) өрнегінен сіз бұл сұрақтарға жауап бере алмайсыз.
А нүктесімен байланысқан және А нүктесінің қозғалыс траекториясына жанама бойымен бағытталған ( және векторлары А нүктесінде беттеседі) бірлік векторын енгіземіз (2.1 - сурет). Сонда былай жазуға болады: мұндағы - жылдамдық векторының модулі.
2.1 – сурет.
Біз үдеудің екі құраушысын алдық.
- берілген нүктеде жылдамдықтың бағытымен сәйкес келетін тангенциалды үдеу.
немесе модулі бойынша
мұндағы - жылдамдық векторының модулінің өзгеру жылдамдығы.
Сонымен, тангенциал үдеуі жылдамдық векторының модулін (сандық мәнін) өзгертетін толық үдеудің құраушысы.
егер болса, онда - тангенциал үдеуі жылдамдық векторна қарама-қарсы бағытталады, яғни қозғалыс кемімелі;
егер - модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалыс;
теңдеуінің екінші құраушысын толығырақ қарастырайық.
Жанама бағытының траекторияға өзгеру жылдамдығы нүктенің шеңбер бойымен қозғалу жылдамдығы және траекторияның қисықтық дәрежесімен анықталады.
Жазық қисықтың қисықтық дәрежесі С қисықтығымен сипатталады.
Қисықтық радиусы r - бұл берілген нүктеде оның шексіз аз бөлігінде қисықпен беттесетін шеңбердің радиусы.
Мұндай шеңберлердің орталықтары О және О' нүктелерінің қисықтықтарының орталықтары (2.2 - сурет)