Тақырып Мәдениет морфологиясы Тақырыптың жоспары



бет4/13
Дата10.12.2023
өлшемі128,51 Kb.
#136284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дарис жинагы мәдениеттану -2023ж

Бекіту сұрақтары:
1. Мәдениет ұғымының мәні неде?
2. Мәдениет пен өркениеттің айырмашылығы қандай?
3. Мәдениеттің формалары қандай?


Тақырып 2. Мәдениет тілі


Тақырыптың жоспары:
1. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде.
2. Тіл–қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде.
3.Тіл және ойлау.


Дәріс
Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну. Мәдениет артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде, мағыналардың түрлері. Белгілердің типологиясы, Белгілердің негізгі типтері: Табиғи белгілер, Қызметтік белгілер және Иконалық белгілер.
Тілдің когнитивті қызметтері. Жасанды тілдер дегеніміз не? Сандық мәдениет тілі. Тілдердің әлеуметтік-мәдени дифференциациясы. Вербалды белгілер жүйесі-табиғи шынайы тілдер. Тіл – қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде. Тіл және Ойлау. Тілдің когнитивті қызметтері. Сепир-Уорф гипотезасы. Мәдениет тілі түсінігі. Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. Жасанды тілдер және олардың мәдениет дамуындағы рөлі. Сандық мәдениет тілі. Тілдердің әлеуметтік-мәдени дифференциациясы (бөлінуі). Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейленуіндегі рөлі. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі. Қазақ тілінің коммуникативтік қызметтері. Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі. Дискурс-тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени-тілдік контексті.Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүиетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын айтады. Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды., екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие, үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.Тіл-бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз.Өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда мынаны байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен.Рухани болмыс- мағыналы белгі, таңба болмысы.Өйткені, белгі қашанда ,,материалдықң, ,,заттық,, белгі. Белгілік шығармашылықтың жемістері- өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.Жалпы, ұғыну мәселесі ХХ ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек болады. Осы мәселеге сонау Ф.Шлейермахерден , В. Дильтейден бастап М.Хайдеггер, Х.Г.Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көзқарастарды қарастырып өткеніміз жөн. В. Дильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В.Дильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминология бойынша, ,,рухани ғылымдардың, өзіндік ерекшеліктерінң түсіндіру деп білді.Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі.Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады.
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл- коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өз ара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл- өсиет, даналық ой, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды.Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім мүшесі құлақ болды. Есту сенумен пара пар болды. Ендігі жеерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі құлақ емес, көру мүшесі-көз келді.Коммуникация құралдыры күрделене келе , тек адамды қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне, дүниетанымына, іс-әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізді. Жазу-сызудың пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада ХУ ғ. 2-жартысында Иоганн Гуттенберг өзінің тапқан баспа станогын іске қосты. М.Маклюэн айтпақшы ,, Гуттенберг галактикасы,,- баспа ісі- нағыз ақпараттық төңкеріске келіп соқты. «Гуттенберг галактикасыныңң арқасында тұңғыш көпшілік конвейерлік тауар – басылып шыққан кітап дүниеге келді. Ол бұрын болмаған көп мүмкіншіліктерге жол ашты. Жазу-сызуы жоқ уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тәжірибені ру көсемдерінің зердесі сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізді. М.Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының өзгерісіне байланысты болатын мәдени кезеңдердің біреуінен екіншісіне өту барысында көптеген үйреншікті мәдени элементтердің жоғалды. Аудио-визуалды кеңістік кезеңі жаңа қарым-қатынас құралдарын-телеграфты, радионы, телефонды, теледидарды, компьютерді және т.б. ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және мәдениет институттары дағдарысқа ұшырады. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің, әдебиеттен ақын- жазушылардың – күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны «үлкен ауылғаң айналдырып отыр.Тіл - тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет