Тақырыптың жоспары: 1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
2. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
3. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы мәдениеттану, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология, мәдениет тарихы.
Дәріс Мәдениет сөзінің шығу тегі, қалыптасу тарихы. Мәдениеттануға кіріспе. Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі. Мәдениет мәні туралы білімнің, мәдениет морфологиясы мен анатомиясының мәдениет туралы ғылым үшін мәнін ашып көрсету. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлігі. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
Мәдениет және Өркениет. Мәдениет типологиясы, мәдениет типі түсінігі. Мәдениет формаларының көптүрлігі. Еуроорталықтық және мәдениеттер типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғай, құрылымдар. Мәдениет формаларының көптүрлігі. Шығыс және Батыс, Мәдениет және Өркениеттің айырмашылықтары антропологиялық, экономикалық және аксиологиялық тұрғыда түсіндіру. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы мәдениеттану. Мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы.
Мәдениеттану теориясына шолу: Э. Тайлор, Л. Уайт, З. Фрейд т.б.
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты “культура” мен “натураны” қарсы қоюшылық. Көне заманда “культура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э,д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.; б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро – мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).
Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады: 1) мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау: 2) мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, филисофия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау бар: