Тақырып Мәдениет морфологиясы Тақырыптың жоспары



бет13/13
Дата10.12.2023
өлшемі128,51 Kb.
#136284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дарис жинагы мәдениеттану -2023ж

Бекіту сұрақтары:
1. Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің қарым-қатынасы қандай?
2. Қазақстанның қазіргі өнеріндегі негізгі үрдістер?
3. Қазақ ұлттық мәдени кодын сақтау шаралары?


Тақырып 10: Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті. Қазақстанның мәдени саясаты. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы
Тақырыптың жоспары:

1.Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі.


2.Қазақстан қоғамының жаңғыруы мен жаһандану жағдайындағы қазақтардың мәдени, этникалық , діни бірегейлігінің сақталу мәселесі.
3. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуы. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.


Дәріс
"Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде. Дәстүр мен жаңашылдықтың даму реті (динамика), мәдени тәжірибенің сабақтастық және тарату механизмдері. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. Жергілікті тарихты қарастыру жұмысын жасау мен дамытудағы мәдени институттар, мәдени ұйымдардың рөлі. Жергілікті тарихты қарастыру, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті, аймақтық көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіру мен сақтаудағы мұражай, білім беру мекемелері мен ұйымдарының рөлі. Табиғи ескерткіштерді жасау мен сақтау бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде. Мәдени мұра бағдарламаларының дамуындағы ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының рөлі.
Мәдени туризмнің дамуы және оның "Туған ел", "Қазақстанның сакральды географиясы", "Жаһанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет", "Сандық Қазақстан" жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі. Мәдени, мәдениеттік зерттеулер әдіснамасы.
Қазақстандағы гендерлік саясат. Гендерлік рөлдер және гендерлік мінез-құлық мәселелері. Гендерлік мәдениеттің негізгі құндылықтары.
Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің рухани құндылықтарының негізгі паттерндері. Қазақстанның ең танымал тұлғалары. Қазақстандық мәдениеттің жүз есімі. Қазақстанның ұмытылмас жүз орны. Қазақ мәдениетінің жүз рәмізі. "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы. "100 жаңа есім" аймақтық жобасы.Қазақстанның дене шынықтыру мәдениеті. Ұлттық спорт түрлері. Қазақстандағы дене шынықтыру құндылықтары.
Жаһандану аясындағы білім беру мәселесі. Интеллектуалды ұлт жаңа моделін қалыптастыру мәселесі. Қазіргі Қазақстандағы ғылым мен техника. Компьютерлік сауаттылық және мәдениет. "Сандық Қазақстан" жобасы. Білімнің толеранттылығы, ашықтығы мәдениеті. Мәдениетаралық және этникааралық коммуникацияның жаңа құндылықтары. Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих пен адамға айтарлықтай әсер ететін импульстарды анықтай аламыз. Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі мен тереңдігін білдіреді. Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: "американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып қолдануымыз қажет. Жаппай вестеризация, рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін, философиясын емес, азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана зиялылары, басшылары ұлтты дағдарыстан алып шыға алады.Ендеше, ХХІ ғ. ұлттық мәдени трансформация кері жылжу емес, біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда шығармашыл ізденіс (мүмкін техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде рухани сипаттағы "еуразиялық" Өркениет құру идеясы – егер де оны біз дұрыс түсіндіріп, айқындай алсақ) біздің бүкіл аймақтық мәдени, әлеумет, саяси трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкелер. Рухани кеңістікті құрайтын ұлттық идеяның элементтері көп. Солардың ішіндегі оның мәнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл ұлттық философия мен әдебиет; мәдениет пен оның түрлері, рухани қазынанның басқа да елементтері осы екі үлкен тұғырлардың айналасында өрбиді, дамып отырады. Олардың даму деңгейі, қоғамдық өмірге тигізетін әсері және қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны ерекше. Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалының артуы болашақ даму стратегиясын таңдау мәселесін жаңа қырымен қояды. Зерттеушілер осы мәселе бойынша қазір тек Ресей мен Қытайдың арасында тұрған Қазақстан емес, ал біздің еліміз үшін мұсылмандық және батыс христиандық өркениеттік үлгілердің арасалмағын айқындаудың маңызды екендігі жөнінде өз пікірлерін білдіреді. Қазақстан исламдық елдер қатарына жатады ма және вестернизацияға қарсы ислам туын көтеруге болады ма? Әрине, ел халқының 70 пайызынан артығы мұсылмандар құрастырғандықтан және төлтумалық мәдени ерекшеліктерден Қазақстанды ислам өркениеті аралығына жатқызуға негіз бар. Алайда, бұл жерде бірнеше нақтылы жағдайларды ескеру керек. Исламдық түсінік бойынша, мұсылман ұлты дегеніміз «умма» болып табылады және діни ортақ сезімді ұлттық төлтумалықтан жоғары қоюға болады. Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру және отарсыздандыру (деколонизациялық) саясатын жүргізу маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта әр ұлт өз бірегейлігін жоғалтқысы келмейді. Бұл – әр ұлттың жан қалауы және табиғи құқығы. Бұндай жан қалауының себебі – қазіргі кезде алдыңғы қатарлы әлем империяларының (мемлекеттердің) индустриалды өндіріс салаларының қарқындылығы әлеуметтік, технологиялық, инновациялық бөлініске ұшырауына, ұнамдылық-моралдық құндылықтардың дағдарысқа түсуіне, өркениеттік өмірдің күйзеліс күйінің қалыптасуына, идеологиялық, әскери, экологиялық «катаклизмдердің» болуына ықпал етіп отыр. Осы факторлардың барлығы берік болып табылатын адамзаттың дәстүрлі сенімдерін, адами құндылықтарын және ұнамдылық нормаларын іштей күйзеліске, барша адамзатты дағдарысқа ұшыратып отыр. Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін анықтауы тиіс.

  • Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және инновациялық өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу беріп, сыбайласып, онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс.

Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының жеңісі ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К. Поппер еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді дейді. Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен өзінің қалдықтарының астына біріңғай Кеңес империясының темір жұдырыған көміп, өте топтасқан және мызғымастай болған шығыс еуропалық диктатура жойылды.ХХ ғасырдың ішінде Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен өзгерістер болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс Шығыс руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм, үнді философиясын зерттеп, Батыс суфизмді өзіне "ашты". Өз философиясын байытты. Жоғарыда айтылған К. Юнг, т.б. дүниеге көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мойындады және материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймәдени "демократиялық" болмыстың ("көпшілік мәдениеті") зиянын өздері өздеріне әшкереледі. Әрине, ойшылдардың Бұл тұжырымдары нақты саясатқа әзірге шейін үлкен әсер ете алмай отыр. Дінді, этиканы мойындау, әлемдік интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы "жүректер интеграциясына" айналдыру, әр бір ұлттық қайталанбас келбетін сыйлау, "жанын" түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыққа жету – міне Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік ниеттегі адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын, жалпы бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса, адамды түземесе – жер бетіне үлкен қасірет жақын екені енді анық сезіледі.Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: "американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып қолдануымыз қажет. Тура ХІХ ғасырдың рационалист-ағартушылары сияқты ойлауымыз жөнсіз. Қазіргі кезде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетуге мүмкіншілік бар. Оның басты бағыты – зерттейтін объектісі осы заманнан шығып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой өрісінен, елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және жаңарту. Осы мақсатта мына мәселелер зәрулік танытады: қоғамдық келісім және демократиялық даму, адам және қоғам, нарық және ғылым байланыстары. Ерекше бөліп қарайтын мәселе азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз» деген қоғамдық ой негізі орын алуда. Дегенмен бұл идея өткен қоғамдағы ұрандарға ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып тұрған сияқты. Ұлттық идея – адамдардың ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы ғанибет. Сондықтан біздің ойымызша қазақ идеясы мынадай формулаға айналса, ұлтымыздың өресінен шыға ма дейміз: «Еркіндік түбі бірлікте!».Шығыс халықтары ұлттық идеяларының құндылығы мәселесін қарастыруда бірінші тұғырнамаға баяғыдан белгілі еуропоцентризм жатады. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы». Елбасының ойына сүйенсек, ұлттық идея тек бүгін пайда болған жаңалық емес, ол миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идея қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру. Елдер мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты ескерілмеген жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір халықтың екінші халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші тілді қыспаққа алу, бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын алса, ұлттық идеяға қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке жол бермеуіміз керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік, ынтымақтастықта әр халықтың рухани үйлесімділігін сақтап, еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік деңгейге көтеру үшін елімізідің әр бір азаматы бойындағы бар күш жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір сүруі қажет. Ол үшін Елбасымыздың «Нұрлы Жол» Жолдауындаы білім саласына да назар аударып, ел болашағы жастардың білім деңгейінің әлемдік стандартпен тең болу керек екендігіне зор көңіл бөлгендігі аса қуанышты жағдай екені баршаға аян. Ел болашағын тереңнен ойлай білу үшін ұлттық идеяның өзегі ретінде қазақтың тілін, рухын, мәдениетін көтеру міндет. Бұл ұлттық мүдде мен ұлттық идеологияның астасар тұсы. Ұлттық идеология туралы әңгіме, ең алдымен, қазақ мемлекеті туралы әңгіме. Бүгінгі ұлттық идеология - ұлттық мемлекет құру. Ал, кез-келген мемлекетте ең алдымен мемлекеттік идеология жүреді. Бұл идеология мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын пәрменді жүргізуге бағытталған ең басты қаруы, ең басты қондырғысы. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның негізігі идеясы – Ел Тәуелсіздігін баянды ету, халықтық, ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жақсарту, көрші елдермен тату-тәтті өмір сүру, Республикаға сырттан инвестиция тарту сияқты аса маңызды мемлкеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Біздің мемлекетік идеологияның ауқымы 2030-ға дейін аралықты қамтып жатыр. Бүгінгі заман - мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға көшер алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы - біртұтас адамзаттық өркениеттке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану - өркениеттің кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетте ерекше ықпал тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық салаларын қамтып отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани кеңістігімізге әсер етеді. Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып келген игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі-әр кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр халықтың өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді.. Біздің әлемдік өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік өркениеттің өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен елдердің тәжірибесіне баса назар аудара отырып, өз жолымызды табудың маңызы зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда дәстүрімізге сай халықтық қалпымызға оралып, әлемдік білімді игеруге қол жеткізу арқылы біздің де өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті биігіне көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған көптеген шаралар жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та жатыр. Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз мүмкін еместігі, тарихи, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады. Дұрыс идеологиялық бағдарды ұстанып, болашаққа сеніммен аяқ басайық. Көп ұлтты, көп конфессиялы республикамызда мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі салыстырмалы аз мерзімнің ішінде берілген конституциялық құқық негізінде идеологиялық ағымдардың түрлі нұсқалары қалыптасып үлгерді. Еліміздегі этно-демографиялық, саяси-әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы идеялардың арасынан басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған қоғам мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықгың көпшілік бөлігінің рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын ұлттық дәстүрін, құндылықтарын мемлекеттік дәрежеге көтерудің қажеттілігі барынша сезіле бастады. Ұлттық мемлекет – еліміздің негізін құраушы, ұйыстырушы қазақ ұлты және қазақ ұлтының қалыптасқан тарихи мекені болғандықтан міндетті түрде қазақ ұлтының мемлекеттігі орын алуы шарт. Ұлттық идея — ұлттық мүдденiң туындысы. Идеология сол ұлттық мүдденi мейлiнше анық белгiлеген идеяға қол жеткiзудiң нақты әрекет-қимылына сiлтеу жасап, бағыт-бағдар беретiн үгiт-насихат мазмұны.Қазақтың ұлттық мүддесi не? Ұлттық мүдде — ұлттық құндылықтар. Құндылықтар ұлтқа берiлетiн анықтаманың әр параграфынан құралады: атамекенi, ана тiлi, қалыптасқан дiлi, бiр дiнi, ортақ салт-дәстүрi, төл әдет-ғұрпы, жалғыз тарихы. Ұлттық идея — ұлттық құндылықтардың жаһандастыру дәуiрiнде қауiпсiз өмiр сүре алатын жағдайын көксеген мұраттың көрiнiсi. Ұлттық идея – талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш – қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы.Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі - адамдардың бойында еліміздің тәуелсіздігін айрықша қастерлейтін қасиет- ұлттық рухты нығайту. Енді рухани мәселелерге ден қоятын уақыт та келіп жетті. Себебі, рухани тамырымыз терең болса ғана өзгелер бізбен санасады. Кім көрінгеннің таптаурын болған ескі жұртын шиырлап жүрсек, дамыған елу елмен иық тірестіру түгіл, егемендікті сақтап қалудың өзі қиынға соғады. Өйткені, материалдық байлығымен танылған ғана емес, рухани құндылықтарын дәріптеген, ұлттық ерекшелігі сақталған, тарихы таза мемлекет қана ертеңгі күні халықаралық қауымдастықтың ортасында зор беделге ие болады. Ұлтты ұлт ретінде анықтайтын тек, оның қоныстанған мекені ғана емес, оның тілі мен ділі, діні мен рухани дүниесі, салт-дәстүрлері мен философиясы, әрине ұлттың рухы. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді, ділімізді айтпау мүмкін емес. Бүгінгі күндегі біздің қоғамымыздағы рухани дүниедегі, елдік пен бірлікке негізделген жоғарыдағы келтірілген қасиеттер ұлттың құндылық бағытына айналуы қажет. Әсіресе егер ұлт – ол ашық әлеуметтік жүйе екендігін ескеретін болсақ, онда өзіндік ұлттық ерекшелігі мен өзіндік сананы сақтап қалу күрделі жағдай екенін түсіну қиын емес. Өйткені қоғамда әртүрлі процесстер жүріп жатады, ол жасау, сақтау, қирату сияқты процесстер, онда дәстүрлі құндылықтар, салт-дәстүрлер, институттардың жаңғыруы мен дамуымен қатар, жаңа институттардың енуі, басқа мәдени идеялардың орнығуы, басқа халықтардың тәжірибесін пайдалануы сияқты процесстер де жүріп жатады. Сол себептен де әсіресе жаһандану кезеңіндегі өзіндік ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу күрделі де, қажетті болып табылады. Ол ұлттық идея, ұлттық идеология мен ұлттық рухтың негізінде, қазіргі қоғамға сай қаншалықты ыңғайланса да, өзіндік өзегін сақтайтын мызғымас құндылықтарымызды жоғарғы дәрежеде қалдыру міндет. Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгіннің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеологиямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты, ой толғаныстары күшті ел болу еш күмән тудырмайды.Ұлттық «Менді» қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан алуан. Оған көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние есiгiн ашқан сәбидiң құлағына естiлетiн ән мен үнге дейiн кiредi. Солардың бәрiнiң басын қосатын, бәрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз жөн. Ойы онға, санасы санға бөлiнiп отырған қазаққа ортақ ұлттық идеяны таба қою оңай мiндет емес. Ол шiркiн әлi күнге дейiн жоқ та. Ал қажеттiгiн отансүйгiш рухтағы әрбiр қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны айдай ақиқат. Армансыз адам - қанатсыз құспен тең, дейдi халқымыз. Ендеше ұлттық идеясыз қала берсек қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсiз. Ұлттық идеяны таппайынша елде жүрiп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана мiндетiн атқарып шығатындай көрiнедi. Өзiн-өзi жарылқамағанды басқалар ұшпаққа шығарады деудiң еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан жаhанданудың табанында жаншылып қалмау үшiн де ұлттық идеяның өзектiгi мен қажеттiгi күн санап артып келедi. Демек қарап отыруға болмайды. Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды пысықтап алу керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиiс. Яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден алыс тұрғаны абзал. Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның атын анықтап отырған қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн баса көрсеткенi жөн. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да түсiнiктi жайт..Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын әлеуметтiк қауым арасында мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Бiрi – бала бақшада тәрбиеленушi бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Екiншiсi – мамандар мен зиялылардың ұлттық идеяға қалтқысыз берiлгендiгiн қалыптастыру. Осылардың санасына, өмiр салтына сiңген ұлттық идея кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне күмән жоқ. Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауында ұлттың тұрақты дамуына, мемлекеттіліктің нығаюына, халықтың бірлігіне және келешекке сеніміне алкен назар аударылады. Идеология ұлттың бойында саналы түрде, өз еркімен, құлшыныспен, патриоттық сезіммен орын алғанда ғана тиімді қызмет етеді. Сонымен қатар, идеологиялық қызметтің табысты болуы, ең алдымен патриоттық тәрбие беруге келіп тіреледі. «Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы» шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыруды, жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай тарихына, болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс. Ұлттық идеяны «Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк» ұғым-түсiнiктерiмен бейнелеу жалпақшешейлiк, жалтаңкөздiк, баяғы көнбiстiк емес, қайта саяси, танымдық, рухани кемелдiгiмiз бен оралымдылықты паш етсе керек. Қазақ елiнiң, азаттығымыздың, ынтымақ-бiрлiктiң мүддесiне қызмет етiп, дiттегенiне жеткен күнi қош-есенге кете баратын кемел де кесiрсiз ұлттық идеяны бекемдеу әрқашан жауапты мiндет болып қала бермек.


Бекіту сұрақтары:
1. "Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асырудағы кемшіліктер қандай?
2. "Сандық Қазақстан" жобасының мақсаты не?
3. Жаһандану аясындағы білім беру мәселесі?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет