Тақырып: Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы. Мен Абильдаева Жайдаргүл Абдрашевна Елікті ауылының ЖОББМ КММ-ның бастауыш сынып мұғалімімін.Жұмыс өтілім 27 жыл.
Мұғалімнің үздіксіз кәсіби білім алу бұл мұғалімнің өз білімін көтеру үшін оқудың жаңа дағдыларын үйрену және барларын жетілдіру түріндегі белсенді үздіксіз процес. Не себептен мұғалім үздіксіз дамып отырады Өйткені даму тек мұғалімде ғана емес әлем дамып келе жатыр. Осы 27 жылда алдымнан талай оқушылар білім алды және осы 27 жылда оқу бағдарламасында бірнеше рет өзгерістер болды.Заман талабына сай мұғалім болу өз кәсібімізді үздіксіз дамытатын ол түрлі курстар, аудандық,облыстық семинарларға қатысып әріптестерден тәжірибе алмасу арқылы,шебер сынып сабақтарын өткізу арқылы,әдістеме орталықтарында лессен стади өткізу арқылы яғни үнемі іздену арқылы жұзеге асатын жұмыс.Осы белсенділікпен үздіксіз дами отырып өз кәсіби шеберлігімізді арттыруға болады
Өткен жылы күз мезгілінде қазан айының 02-13күндері Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталықта екі апталық курстан өттім.Тақырыбы:Бастауыш сыныптарда математика,қазақ тілі,әдебиеттік оқу пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту.Мақсаты бастауышта жалпы білім берудің математика,қазақ тілі.әдебиеттік оқу пәндеріндегі ең күрделі тақырып бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту.Курс бойынша айтатын болсам Облысымыздың әр түкпірінен келген әріптестер қатыстық.Жоғарыда аталып кеткен пәндерің оқушыларға меңгерту барысында қиындық тудыратын тақырыптарды оқыту барысын талдап,саралап түсіндіру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану жолдарын қарастырдық.Пәндердің құзыреттілікті дамыту барысында жеке,жұптық,топтық жұмыстарды орындау кезінде әріптестерімізбен іс тәжірбиелерімен бөлістік.тапсырмаларды қызыға орындап отырдық.Курс аясында демосабақтар, «Бұрыштар» әдісі, «Стоп-кадр», «Граф» әдісі арқылы сабақтарды тиімді өткізу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар қазіргі заманның талабына сай күнделікті сабақта қолдануға болатын бірнеше Жамборд, Kахут Филппит осындай ірі платформаларды жұмыс жасауды үйрендік. Осы сұхбатты пайдалана отырып осы курста жетекшілік еткен Аяжан Ешимбаевнаға алғыс айтқым келеді. Курс аясында алған білімімді өз мектебімдегі әріптестеріммен әдістемелік отырыста бөлістім. Екі апталық курстан кейін жаңа идеялар, үйренген әдіс тәсілдер алдымдағы білім алушыларды қызықтыруға бағытталды. Алдымызда отырған әр оқушы ашық жатқан оқулықпен тең, ендеше сол баланың жан дүниесін білімге толтыра отырып өмірде өз орнын таба білу мұғалімге байланысты.Педагогикалық өтілім көп болсады алдыма келген шәкірттерімнің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үнемі сабақ алдында ізденіп бүгін балаларға немен қызықты түрде сабақтың тақырыбын түсіндірсем деп ойланамын.Өткізген әдіс тәсілдерім тиімді болды ма деп сабақ соңында өзіме рефлексия жасаймын.Сабаққа міндетті түрде белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырамын Айтылым,жазылым,тыңдалым және оқылым дағдыларын қолданып әр баланың сыни тұрғыда ойлауына баса көңіл аударуға тырысамын.Осы әдіс-тәсілдер арқылы баланың функционалды сауаттылығын арттырып қана қоймай алған білімін өмірде қолдана алуларына септігін тигізеді деп ойлаймын.Оқушыларым сабақ барысында жеке,жұптық,топтық жұмыстар жасай отырып, топ алдында өз ойын ашық айтатын,ойын дәлелдей алатын болды. Сабақта байқағаным белсенділігі артты,оқуға деген құлшынысы,жауапкершілігі,топта достарын тыңдай білуге үйренді. Менің үздіксіз кәсіби шеберлігімді дамыту тек сабақ берумен ғана шектелмейді. Әр оқушыны білім нәрімен ғана сусындатып қоймай сабақтан тыс уақыттарында ән айтуға,би билеуге,көркем сөз шеберлігіне де тәрбиелеуге тырысамын.Ол үшін оқушыларымды түрлі аудандық,облыстық,республика көлемінде түрлі сайыстарға,ғылыми зерттеу жұмысына,пән аралық олимпиадаларға қатыстырып қабілеттерін шыңдаймын.Осындай үздіксіз дамуымызға өз үлесін қосып келе жатқан Ақмола облысы Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығына алғысымыз шексіз.
Қорыта айтқанда үздіксіз дамуды мақсат тұтқан, жаңалыққа құштар, білгенің бөлісуге бейім, шәкіртін үйретіп қана қоймай, үйренуге де дайын тұлға. Ендеше біздер-ұстаздар қауымы, заман ағымынан қалмай, білім алушылардың бойына білім, білік дағдыларын сіңіруіміз керек. Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті елдің толық біліммен қаруландыру арқылы біз бабалар аманатын орындаған ұлт бола аламыз.