Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе өзін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы.[1] Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бұрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Саяси және әлеуметтік гомеостазис - саяси және әлеуметтік жүйелердің, оның қүрылымдарының, әлеуметтік топтарының, институттарының тепе-теңдігін бүзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күресетін жолымен сақталатын тепе-тең қозғалмалы қалпы. Макроэкономикада гомеостатикалық тәсіл қолданылатын жалпы экономикалық тепе-теңдік теориялары кеңінен тараған (кейнсиандық және неоклассикалық үлгілер). Гомеостазис принципі әртүрлі құрамдас бөліктері үйлесімді даму тепе-теңдігін сақтайтын, негізінде табиғи ортаны дифференцияланған жүйе ретінде талдау жасайтын әлеуметтік экологияда да қолданылады
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
'Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі..
Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін (қараң. Мутагендер). Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген (қараң. Доминанттық) жауып тұрады.
Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақ-жасушалы анемияның пайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті.
Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.
Геномдық мутация – клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар: 1) полиплоидия – хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі; 2) анеуплоидия – хромосома жиынтығының еселенбей өсуі; 3) гаплоидия – диплоидты (екі еселенген) хромосома жиынтығының кемуі.
Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.
Үй тапсырмасы:
1.Қысқаша дәрісті дәптерге көшіріп жазу. 2. Молекулалық және жалпы генетика негіздері оқу.
3.Суретке түсіріп оқытушының почтасына жіберу.аigerim.kumarova9