12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 балл – қанағаттанарлықсыз 1 - 2 балл – қанағаттанарлықтан төмен 3 балл – қанағаттанарлық 4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары 5 балл – жеткілікті жақсы 6 балл - жақсы 7 балл - өте жақсы 8 балл - үздікке жақын 9 балл - үздік 10 балл - өте үздік
Бағалаудың екі аспектісі Оқуды бағалау (жиынтық бағалау) Оқыту үшін бағалау (Формативтік бағалау) “Бағалау” термині “жақын отыру” дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, бақылауы болып табылады Бағалау қамтиды:
Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау
Оқуды бағалау Мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке “сәйкес/сәйкес емес” деген нысанда жасалады Оқыту үшін бағалау ОҮБ – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі Суммативті бағалау Формативті бағалау Белгілі бір мерзім ішіндегі нақты білім көрсеткішін көрсетеді (қортынды тест, емтихан, сынақ, бақылау кеспелері т.б.) Бағалау әдістерін мұғалім жоспарлайды.