Соңғы жылдары өзінің тиімділігін танытып отырған формативті бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау – өзіне-өзі баға қоймаумен, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. Ол тапсырманы орындау үдерісі сипаттамасымен, яғни оның оң және теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен тығыз байланысты. Мұғалім оқушыға өзін-өзі бағалаудың төмендегідей алгоритмін ұсына алады:
1. Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Мақсат қандай болды? Қандай нәтиже алу қажет болды?
2. Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма?
3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме?
4. Толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме?
5. Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? Егер тапсырманы орындай алмаса, онда қандай қателер жіберілді және бұл қиындықтар неден туындады?