тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет4/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ

Сана сезім, өзіндік сана.
Сана белгілі бір дәрежеге – сана сезімге айналады. Сана – сезім өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы.
Сана-сезім дегеніміз – адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Бірақ сана-сезім – адамның өзін-өзі түсінуінен гөрі кең ұғым. Өйткені, оған адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері де кіреді. Ал енді сана-сезім қалай, неден басталады? К. Маркс айтқандай, адам қолына айна ұстап, не Фихте сияқты, «Мен дегенім – мен» деп дайын философ болып тумайды. Ол өзінен басқа адамға қарап тұрып, айнаға қарағандай өзін, өзінің сондай адам екенін көреді. Өзінің де басқа адамға сондай адам екенін ұқтырады. Керек десе, адам өзінің дене құрылысын да бірден байқамайды, басқаға қарап, келе-келе түрлі әрекеттер арқылы өзін-өзі сезінеді. Сонымен адамның айнасы – басқа адам. Ол соған қарап өзін көреді. Сана-сезімнің бастамасы міне, осы. Одан соң, адам өзін-өзі көргісі келсе, оны өз еңбегінен, атқарған ісінен көруі керек. «Мен пәленмін» дегеннен еш нәрсе шықпайды. Адамның істеген еңбегі, атқарған ісі дегеніміз – адамның затқа айналдырған санасы, ақылы, ойы, мақсаты. Сана-сезім, бір жағынан, танымдық, екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Сондықтан адам өзін-өзі танып қана қоймай, өзіне-өзі баға береді, өзінің ісін ой елегінен өткізіп, өзін басқамен салыстырады. Сонымен сана-сезім – философия, социология, этика, психология, педагогика, этнография сияқты бірнеше ғылымдардың басын біріктірген құбылыс.
Идеалист философтар адамның өзін-өзі түсінуін жоққа шығарады. Мәселен, «Мен ұйықтап жатып, мені түсінде көріп ұйықтап жатқан адамды көрдім. Бұл қалай? Менің түсім ненің бейнесі? дей келіп: Мені түсінде көріп жатқан адамға мен қалайша бейне болып тұрмын?» – деп қорытады. Сөйтіп, олар сана-сезімді жоққа шығарады, мистикаға ұрынады. Гегель бұған қарсы болған. Ол сана-сезім пайымдаумен жымдаспаса, ол да түптен тең деген екен. Адам түсінде: өңінде көргендерін, ойлағандарын, армандағандарын, әдеттенгендерін көреді. Кейде түсінде болашағын да көру мүмкін. Оның да өзіндік себептері бар. Идеалистер түс бастапқы деген қорытынды да шығарады. Шынында да түс алғашқы ма, өң алғашқы ма? – деген философиялық сұрақтар туады. Әрине, негізінде бастапқы нәрсе – өмір. Бұл – ғылыми материалистік тұжырым. Сөйтіп, адам алдымен өзін сезінеді, кім екенін біледі. Одан соң сол адам өзінің орнын, атқаратын қызметін үйрену арқылы өзінің қабілетін, қолынан не келетінін, не келмейтінін, ұжымын, ұлтын, т.б. сезінеді. Сол арқылы оның қоғамдық сана-сезім оянады. Ең алдымен сана-сезім екі тұрғыда: біріншіден, өзін-өзі түсіну ретінде, екіншіден, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жөнге салу ретінде қаралады. Өзін-өзі түсіну арқылы адам өзін-өзі жөнге салады, мінез-құлық реттейді, тәрбиелейді. Олай болса, соңғысы алғашқысынан әлдеқайда күрделі. Сонымен сана-сезім де сана сияқты көп. Оның да келешекте ойланатын, зерттелетін салалары бар.
Алдымен сана, кейін өзіндік сана пайда болады. Өзіндік сана кезінде адам өзін басқа дүниеден, жан-жануарлардан, адамдардан ажыратып қана қоймайды, сол дәрежеде адам әр нәрсенің ұқсастық жақтарын да байқай, соларды теңеу, салыстыру, ұқсату, бейнелеу арқылы түрлі топшылаулар жасап, белгілі пікір айтқан. Жұмбақтар, мәселен, өзіндік сана негізінде дүниеге келген. Жұмбақта бейнеленіп отырған объектінің барлық ерекшеліктері дәл келтіріледі. Мәселен, қоянды жұмбақтағанда, оның кескінін жылқы қарнына, түйе ерніне, есектің құлағына, қасқырдың жүйріктігіне ұқсатып барып сомдаған. Егер жәй сана негізінде еркектер дүниеге келсе, өзіндік сана негізінде жұмбақтар, жаңылтпаштар дүниеге келген.
Таным тарихында, гносеология ілімінде екі қарама-қарсы бағыт қалыптасқан: эмпиризм мен теориялық таным. Эмпиризм айғақ пен тәжірибені абсолюттендіріп, ойлау, абстракциялау, жалпылау деңгейлерін елеусіз қалдырады да, сенсуализмге жақындайды. Схоластикалық теориялау бұған қарсы бағыт. Ол екі мағынада қолданылады: 1) Орта ғасырдағы діни философиялық бағыт; 2)Жеміссіз ойтолғау, шартты білім, шынайы өмір мен пратикадан ажырау. Г.Ф. Гегель оны «пайымдаудың жабайы философиясы» деп атған болатын. Схоластика шындығында да таза айтылған пікірлердің біржақты формальді-логикалық дұрыстығына және канондалған мәтіндерге сүйенетін догмалық ойлау тәсілі.
Ол шығармашылық ойлауға, ғылыми зерттеудің шынайы сыншыл рухына қарсы, дайын нәтижені ойлауға алып келіп байлайды, анықтмалардың көпмағыналылығы мен күрделілігіне сүйенеді, субьективизм орнатады, мәтіндермен тек түсіндірмелі жұмыстар жүргізеді, арнайы ортодоксальды доктринаны негіздейді, соған бағынады.
Эмпириканың негізгі элементі айғақ (факт). Оның мағынасы: 1) Шындықтың кейбір фрагменттері, обьективті оқиға, нәтиже; 2) Оқиға, құбылыс, дәйектелген білім, яғни, ақиқат синонимі; 3) Эксперимент пен бақылау барысында алынған тәжірибелік білім.
Қазіргі ғылыми танымда айғаққа байланысты екі шеткі бағыттар қалыптасқан: фактуализм және теориялық. Біріншісі теорияға қатыссыз айғақтың дербестігін, тәуелсіздігін баса көрсетсе, екіншісі айғақ терияға тәуелді деп санайды. Ғылымда айғақ дәйекті болса, ол келесі айғаққа жол ашады.
Ғылыми танымда айғақ екі жақты роль атқарады: 1) Теорияны құру мен гипотезаны ұсынуда айғақтардың жиынтығы бұлардың эмпирикалық негізін құрайды; 2) Теорияларды бекіту мен жоққа шығаруда шешуші роль атқарады. Егер де теория мен айғақ сәйкес келмесе, теорияның жалғандығы мойындалады.
Ал теориялық білім рационалдылықтың элементтерін қамтиды: ұғымдар, теориялар, заңдар, ойлау операциялары. Теориялық білімнің негізгі мақсаты барлық нақтылықта және толық мазмұнда обьективті ақиқатқа қол жеткізу, абстракциялау, идеалдадыру, синтез, дедукция жүреді.
Ғылымның өзіне қарай үңілуі, яғни, рефлексия – танымның өзін, оның формалары мен тәсілдерін қарастырады. Теориялық таным негізі ойлау болып табылады: пайым және ақыл.
Пайымдау (рассудка) күнделікті ойлау, парасатты тұрмыстық парасатты ой мағынасында және формальді логикалық ой бағытында қолданылады. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы. Мысалы, Астана – ұғым, Пікір: Астана – Қазақстан Асатанасы. Ой қортындысы: Барлық металдар ток өткізеді; Алюминийй металл; Алюминий ток өткізеді.
Ал рационалды емес ойлау: қиялдау, фантазия, сезім, интуиция т.б. құралады. Теориялық танымның құрылымы: проблема, гипотеза, теория, заң т.б.
Проблема – әлі танылмаған, бірақ нені тану керек екендігі жолға қойылған теориялық білім мазмұны. Ол қойылуға және шешілуге тиісті және жауап күтетін сауал. Бірақ проблеманың дұрыс қойылуы логикада өз алдына арнайы мәселе болып табылады: өзектілігі, нақтылығы, шешімін табуға тиістілігі т.б.
К. Поппер ғылым бақылаудан басталмайды, проблемадан басталады, бір проблемадан екіншісіне, неғұрлым күрделіге қарай өтіп отыру деп санайды. Оның түсінігінде, проблема мынадан туындайды: 1) Теорияның қайшылықты болу салдарынан; 2) Екі теорияның қақтығысынан; 3) Теория мен байқаудың қайшылығынан.
Негізінен, ғылыми емес пробле,маны ажырата білу аса маңызды. Мысалы, мәңгі оталдырғыш (двигатель) туралы проблема шешімі табылмайтын ғылыми емес проблема болып табылады.
Гипотеза – дәлелдеуге мұқтаж, ақиқат мағынасы анықталмаған, айғақтардың негізінде қалыптасқан теориялық білім формасындағы шамалау – болжау.
Олар: 1) Ақиқат теорияға айналуға бет түзейді; 2) Түрлері өзгеріп нақтыланады; 3) Адасу болып шығады немесе дәйектеледі. Мысалы, Квант физикасы гипотезасы ғылымға айналса, эфир адасу болып табылады. Ғылымда бәсекелес бірнеше гипотезалар ұсынылады. Гипотеза ғылым заңдарына сәйкес болуы тиіс, айғақтармен келісілген болуы қажет, ол өз ішінен қайшылықты болмауы тиіс, қарапайым (артық нәрселер, субьективтілік болмауы тиіс) болу керек, ол не терістеледі, не бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет