Тақырып: Оқушыларды дәлелдеуге үйрету



бет5/8
Дата31.12.2021
өлшемі82,93 Kb.
#23835
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оқушыларды дәлелдеуге үйрету

Теореманы түсіну және дәлелдеу процесінде дұрыс салынған сызбаның маңызы өте зор. Алайда, мұғалімдердің көпшілігі теореманы дәлелдеу процесінде сызбаны пайдаланғанда теореманың шартын қанағаттандыратын көптеген сызбалардың ішінен дербес біреуін ғана қарастырады да одан өзгеріп кетсе оқушылар дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан теореманы дәлелдегенде тек «стандарт» сызбаны пайдаланбай, теореманың мазмұнына сәйкес келетін сызбалардың әртүрлі болатынын әрдайым айтып отыру керек.

Теореманы дәлелдеу әдістері

  • Теоремаларды дәлелдегенде оқушыларды дәлелдеу әдістеріне төселдіріп, оны есеп шығарғанда, басқа пәндерді оқығанда, ойлану үрдісіне пайдалануға үйрету мақсатын көздейміз. Олай болса, мүғалім оқушьшарға теоремаларды дәлелдеуді үйретуге көңіл бөлуі керек.
  • Кейбір теоремалардың оқылуынан немесе оны дәлелдеу үшін сызылған сызбадан оқушыларға теоремада дәлелденетін ой айқын көрініп тұрған сияқты болады да, олардың "Дәлелдемей-« белгілі ғой, несін дәлелдейміз және осы дәлелдеудің керегі не?" дейтіні болады. Мұндай жағдайда оқушыларға логикалық дәлелдеусіз ешбір түжырымға сенбеуді, әрбір тұжырым тек дәлелденгеннен соң ғана күшіне еніп, ғылыми дәрежеге жеістігін түсіндіру қажет.
  • Теореманың ішінде шарты және қорытындысы болады. Шартынан не берілгенін, ал қорытындысынан не дәлелдеу керек екенін білуге болады. Теорема "егер" деген сөзбен басталса, "онда" деген сөзге дейінгі - оның шарты, ал онда деген сөзден аяғына дейінгі - қорытындысы. Бірақ кейбір теоремалардың шарты мен қорытындысын оқушылар айыра алмайды. Мұндай жағдайда оқушыларға мүғалім көмектесіп үйретуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет