Дедуктивтік ойқорыту силлогизм ұғымымен тікелей байланысты.
Математикалық сөйлемдерді дәлелдеудің демонстрациясын (дәлелдеу әдісін) силлогизм арқылы түсіндірейік:
Силлогизм немесе дедукциялық ой қорытындысы дегеніміз белгілі бір екі пікірден үшінші бір пікір қорытып шығаратын ой қорытындысы. Мұндағы алғашқы екі пікірді алғы шарт, ал соңғысын қорытынды не салдар деп атайды. Екі алғы шарттың бір қажетті түрде жалпы пікір болуы міндетті.
Дәлелдеудің әрбір қадамы үш бөліктен тұрады:
1) дәлелдеудің осы қадамы негізінде жасалған сөйлем (аксиома, теорема, анықтама); дәлелдеу қадамының бұл негізі алғышарт немесе аргумент деп аталады;