Мультифакторлы аурулардың мысалдары
Псориаз — негізінен теріні зақымдайтын, дерматоз, инфекционды емес ауру. Қазіргі кезде осы аурудың аутоимунды табиғаты белгілі. Әдетте, псориаз денеде ісінген, тым құрғақ, қызыл дақтарды тудырады. Алайда, кейбір псориазбен ауырған ауруларда бұл аурудың ешқандай сыртқа белгілері көрінбейді. Псориазбен туындаған дақтар псориатикалық дақтар деп аталады.Псориаздың дамуында тұқым қуалайтын компоненттің ролі зор, және псориаздың дамуына тікелей қатысатын немесе псориаздың дамуымен байланысты көптеген гендер белгілі, бірақ аурудың даму процесінде бұл гендер қалай әрекеттесетіні белгісіз. Қазіргі таңда белгілі псориазбен байланысты гендердің көбісі иммунды жүйеге, алдымен Т-лимфоциттердің функциясына және басты гистосәйкестік комплексіне (MHC) әсер етеді. Псориаздың генетикалық зертеулерінің маңызы, олар аурудың дамуына қатысты зертеулерге және болашақта осы молекулалық нысандарға әсер етуі мүмкін болатын дәрілерді жасап шығуға мүмкіндік беретін малекулалық механизмдерді және сигналдық каскадаларды идентифицирлеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |