Тақырып: Полигендік аурулар



бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі490,96 Kb.
#22796
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Полигенді аурулар

Бронхиалдық астма– бронхтардың созылмалы аллергиялық қабынуы, бронхтардың гиперреактивтілігімен және периодты түрде болып тұратын тыныс алудың қиындауы, шырыштың гиперсекрециясына, бронх қабырғаларының ісінуіне негізделген бронхиалды обструкцияның дамуынан пайда болатын тұншығумен қатар жүреді. Барлық тұрғылықты халықта кездесу жиілігі 4-тен 8%-ке дейін, балалар популяциясында 10%-ке дейін. Бейімділікті қамтамасыз ететін негізгі факторлар – атопия және бронхтардың гиперреактивтілігі – генетикалық шартталған.

Қант диабеті –табиғаты жағынан гетерогенді ауру, оның этиологиясы мен патогенезінде ішкі (генетикалық, иммундық) факторлармен қатар сыртқы факторлар да (вирустық инфекциялар, интоксикациялар) қатысады, бұлардың өзара әрекет етуі көмірсу алмасуының бұзылуына алып келеді. Қант диабетінің дамуындағы генетикалық факторлардың ролі:Қант диабеті глюкозаға толеранттықтың бұзылуына да сәйкес, шамамен 45 тұқым қуалаушылық синдромдарының тұрақты компоненті болып табылады.Этникалық топтардағы қант диабетінің таралуы мен клиникалық белгілерінің әртүрлілігі әрқашан сыртқы орта факторларының әртүрлілігімен түсіндіріле бермейді.Қант диабетімен ауыратын адамдардың ішінде инсулинге тәуелділігі әртүрлі болатын адамдардың топтары бар.Моногенді аутосомды-доминантты типпен тұқым қуалайтын ересектердің қант диабеті болады.Қант диабетінің әртүрлі варианттарын тәжірибелік жануарларда модельдеуге болады.

Атеросклероз— қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет