Өзектілігі: Полигенді ауру дегеніміз не? Оған қандай аурулар жатады?
Полигенді аурулар (яғни, аурудың тұқым қуалаушылыққа бейімділігі) тұқым қуалайтын фактор ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, олар әр түрлі гендер әрекетімен байланысты болғандықтан мультифакторлы деп те атайды. Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды. Мультифакторлы аурулардың адамның әртүрлі популяцияларына таралуы айтарлықтай өзгермелі болуы мүмкін, бұл гентикалық және сыртқы орта факторларының әртүрлілігіне байланысты. Адам популяцияларына жүзеге асатын генетикалық процестердің (іріктелу, мутациялар, миграциялар, гендер дрейві) нәтижесінде, тұқым қуалайтын бейімделушілікті анықтайтын гендердің жиілігі олардың толық элиминациясына дейін ұлғаюы немесе азаюы мүмкін.