«Біркелкі пішіндерді сана». Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана). Барысы: Əр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау керек. «Бос торларды сəйкес пішіндермен толтыр».Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сəйкес пішіндермен толтырту. Көрнекілік: Əр балаға жеткілікті таратпа суреттер. Барысы: балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сəйкес пішіндермен толтырады. «Қандай пішін жетіспейді».Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер (қораптан алу). Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады [6]. Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. ҚР - ның білім туралы Заңы, 2008 ж Мектептегі психология, №3 2010 ж 2. Əлеуметтік педагогика, №3, 2011 ж. 3. Ə.Ермағамбет.«Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы», Дефектология, 2008, №4. 4. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жəне дамыту жаттығулары» əдістемелік құрал, Шымкент., 2012ж. 5. Л.В.Артемова.«Дидактикалық ойындар», М., 1992ж