Тақырып Саяси мәдениет пен мінез-құлық. Саяси сана мен саяси идеология


Саяси даму және оның критерийлері. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары



бет4/5
Дата30.04.2023
өлшемі24,61 Kb.
#88514
1   2   3   4   5
Байланысты:
Та ырып Саяси м дениет пен мінез- лы . Саяси сана мен саяси иде

1 Саяси даму және оның критерийлері. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары.
Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отырады.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі,соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал,саяси даму бейтарап ұғым,ол тек даму процесін,өзгерісті ғана бейнелейді.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.Мысалы,бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды.Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп,жаңарып шықты.
Критерийлері:
1) Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;
2) Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі, әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;
3) Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер. Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды. Саяси модернизация түсінігі мен мәні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден,саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет