Тақырып: Шикізат


 Өнеркәсіп суларын дайындау қандай процестерден тұрады?



бет33/38
Дата09.05.2023
өлшемі0,99 Mb.
#91122
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
бакылау сурагына жауап

28. Өнеркәсіп суларын дайындау қандай процестерден тұрады?
Суды дайындау процесі сұйықтықтың сапасына қойылатын талаптарға байланысты күрделі немесе ішінара қолданылатын көптеген кезеңдерден тұрады. Өнеркәсіптік,тұрмыстық,медициналық және тамақ өнеркәсібі қажеттілігі үшін суды дайында әр қайсысына әртүрлі әдістері қолданылады.
Өнеркәсіп үшін суды дайындаудың негізгі кезеңдері-сүзу, жұмсарту, темірден тазарту, тұзсыздандыру және т.б. Өнеркәсіптік судың тазалығына қойылатын талаптар салалық стандарттармен анықталады және қалдық қоспалар тізімі бойынша да, олардың концентрациясы бойынша да ерекшеленуі мүмкін.
29. Суды тұндыру және каогуляциялау процесі.
Коагуляция – су құрамындағы коллоидты және жүзіп жүрген майда бөлшектердің ірілену процесі. Майда бөлшектер бір-бірімен әрекеттесіп және бірігіп ірі агрегаттар түзеді. Бір-бірімен бірігіп іріленген агрегаттар өз салмағымен су түбіне шөгеді.Табиғи судағы дисперсті, коллоидты және жүзіп жүрген майда бөлшектердің зарядтары бірдей, сол себептен олар бір-біріне жақындай алмай, агрегативті тұрақты жағдайда болады. Тазалау технологиясы кезінде бұл бөлшектердің зарядын нөлге дейін азайтуға әрекеттер жасалады. Суға коагулянттар болып табылатын – темір, алюминий сульфаттарды қосқанда, майда бөлшектердіңагрегативті тұрақтылығы бұзылып, ірілене бастайды. Кейінгі процес, гидролиз негізінде түзілген алюминий және темір гидроксидтері негізінде іске асады.Коагуляциялау процессінің өзі екі сатыда
жүреді:1.
Судағы қоспалардың агрегаттың тұрақтылығы бұзылып, коагулянттардың бөлшектері қоспалармен жабысады, ал соңындағы қоспалар бір-бірімен жабысады.
2. Коагулянттың гидрототық үлпектері түзіліп, олардың беттерінде қоспалардың дисперсті және коллоидты бөлшектері сорбцияланады, іріленеді және тұнбаға түседі.
Суды тұндырған кезде қалқымалы бөлшектерден тазарту үшін су тұндырғышқа түскенге дейін оған тұндырғыш – коагулянттарды қосады. Ол үшін көбінесе алюминий (глинозем) қолданылады. Күкірт қышқылды глинозем қалқымалы заттарға екі түрлі әрекет етеді. Бұл реагенттің өзінің электрлік заряды оң, ал қалқымалы заттар теріс зарядталған. Әр аттас зарядтар өзара бір – біріне тартылып, бекінеді де тұнбаға түседі. Сонымен қатар коагулянттар ұлпа түзіп тұнбаға түскенде өздерімен бірге қалқымалы заттарды да ала шөгеді. Коагулянттарды қолданғанда су көптеген қалқымалы заттардан тазартады, бұндайда тұндыру мерзімі 3 – 4 сағатқа қысқартуға болады. Дегенмен, суды коагуляциялауда өте ұсақ заттар мен бактериялар қалып қояды, сондықтан суды құм сүзгіштерарқылы сүзуді қолданады. Сүзгіштерді (фильтрлерді) қолданғанда коагулянт ұлпасы мен қалқымалы бөлшектерден құмның бетінде қабықша (пленка) түзіледі. Бұл қабықша қалқымалы заттар мен бактерияларды ұстап қалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет