Тақырып: Шикізат



бет32/38
Дата09.05.2023
өлшемі0,99 Mb.
#91122
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
бакылау сурагына жауап

Аномальды қасиеттері. Осы уақытқа дейін ғалымдар судың түсініксіз 66 қасиетін анықтады. Ең таңқаларлық қасиеттер: ауыспалы тығыздық, жоғары жылу сыйымдылығы және үлкен беттік ауданы.Температураның төмендеуімен су тығыздығын өзгерте алмаса, онда барлық өзендер мен көлдер түбіне дейін қатып қалатыны нақты дәлелденген. Әрине, оо кезле су астында тіршілік болуы мүмкін емес.
Тек судың, басқа сұйықтықтардан айырмашылығы, максималды тығыздығы тек 4 градус Цельсийде болады. Ал одан әрі азайған сайын судың тығыздығы қайтадан төмендей бастайды. Соның нәтижесінде көлдер мен өзендердегі су ешқашан түбіне дейін қатпайды.Судың жоғары жылу сыйымдылығы бізге қыста батареялармен жылынуға ғана емес, сонымен қатар бүкіл континенттерді жылытуға мүмкіндік береді. Өйткені, оңтүстік аймақтардан жылуды әкелетін мұхит ағындары,солтүстік аймақтарды жылытуға және сол жерде өмір сүруге мүмкіндік береді. Жоғары беттік керілу сияқты қасиеттер біздің планетада ағаштардың өсуіне мүмкіндік береді. Егер судың мұндай аномалдық қасиеті болмаса, ағаштардың, әсіресе алып ағаштардың бұтақтары мен жапырақтарынв ешқандай қоректік заттар жете алмас еді.


27. Судың кермектілігі деген не? Оның өлшем бірлігі қандай? Кермектіліктің түрлері қандай?
Cудың кермектігі— құрамында кальций(Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті. Cудың кермектігі көрсеткіші 1 литр судағы миллиграм-эквивалентпен (мг-экв/л), кей елдерде градуспен өлшенеді. Табиғи сулардың кермектігі өте кең ауқымда ауытқиды: тайга мен тундра белдеміндегі өзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-экв/л-ден кейбір жер асты сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-экв/л-ге дейін. Кермек су тұщы болса да, нашар сабындалады, бу қазандықтарының қабырғаларына тат түзеді, қант, былғарыжәне басқа да көптеген өнеркәсіп салаларында пайдалануға жарамайды. Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO3)және карбонаттық (СО32~) тұздарыныңболуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет