Тақырып Сызықты емес оптика элементтері. №9 дәріс (1 сағат)



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі61,8 Kb.
#15653
  1   2   3
Байланысты:
№9 дәріс


Тақырып 7.

Сызықты емес оптика элементтері.

9 дәріс (1 сағат).

Мақсаты: Сызықты емес оптиканың негізгі заңдарын білу .

Жоспар:


  1. Люминесценция және оның түрлері.

  2. Жұтылу. Өздігінен (спонтанды) және мәжбүрлі сәулелену.

  3. Оптикалық кванттық генераторлар (лазерлер).




    1. Люминесценция және оның түрлері.

Ішкі энергиядан (жылулық) басқа, энергияньщ кез келген түрінің есебінен қозған, жарқыраудың барлық басқа түрлері “ люминесценция” деп аталады.



Люминесценция - деп молекулалардың, атомдардың, иондардың және де басқа күрделі комплекстердің қозған күйден бейтарап күйге өтер кездегі жарық шығаруын айтады. Солтүстік жарқыл кейбір жәндіктердің, минералдардың, шіріген ағаштардың жарқырауы табиғатта кездесетін люминестенция құбылысына жатады. Люминесценция құбылысы XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. Әртүрлі заттардың жарқырауын зерттей жүріп К. Ренген өзінің атымен аталатын сәулелерді ашқан болса, Беккерель радиоактивтік құбылысын ашты. Люминесценцияның негізгі заңдарын ашуда О. И. Вавилов бастаған ғалымдардың еңбегі аса зор.

Люминесценцияны қоздырудың әдістеріне байланысты олардың бірнеше түрі бар:

1. Фотолюминесценция. Люминесценцияның бұл түрі көзге көрінетін және ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пайда болады. Фотолюминесценцияға мысал ретінде кейбір люминофорлармен боялған сағат циферблатының жарқырауын келтірсек те жетеді.

2. Рентгенолюминесценция рентген сәулелерінің әсерінен пайда болады. Оны ренген аппаратының экранынан бақылауға мүмкіндік бар.

3. Радиолюминесценция деп заттардың (люминофорлардың) сәулелерінің әсерінен жарқырауын айтады. Люмнисценцияның бұл түрі сцинтилляциялық есептеуіштердің счетчиктердін экрандарында пайда болады.

4. Катодлюминесценция электрондық сәулемен шығарылады. Оны телевизордың, осциллографтың жэне т. б. электр сәулелік құралдардың экранынан бақылауға мүмкіндік бар.

5. Электрюлюминесценция электр өрісінің көмегімен шығарылады. Оны газ разрядты түтіктерде байқауға болады.

6. Хемилюминесценциязаттардағы химиялық процестердің нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Оған мысалға ақ фосфордь шіріген ағаштың және -кейбір жәндіктердің, өзен жануарларының жарқырауын келтірсек те жеткілікті.

7. Сонолюминесценцияқүбылысы кейбір сұйықтықың ерітінділерінен ультрадыбыс толқындары өткенде пайда болады.

 Жарқырауының ұзақтығына қарап люминестенцияны флуоресценция (тез өшіп қалатын люминесценция) және фосфореценция (ұзақ жарқырайтын люминестенция) деп екіге бөледі. Люминесценцияны бұлай бөлу тек шартты түрде ғана болып есептеледі. Өйткені ол екеуінің арсында белгілі бір меже қою қиын. Люминесценцияны классификациялаудың ең дүрыс жолын үсынған Вавилов. Ол люминесценцияны резонанстыспонтанды (өздігінен), еріксіз (метастабильді) және рекомбинациялы люминесценциялық процестер деп классификациялады.

Резонанстық  люминесценцияны көбінесе резонанстық  флуоресценция деп атайды. Резонанстық флуоренценцияда флуоренценцияның толқын ұзындығы өзін пайда қылатын жарық толқынының ұзындығымен бірдей болады. Егер атомдар (молекулалар) негізгі энергетикалық күйден қозған күйге өтсе немесе бір қозған күйден екінші қозған күге өтсе, онда резонанстық люминесценция байқалады. Резонанстық люминесценция газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде байқалады. Әсіресе резонанстық люминесценцияны сиретілген атом буларында жақсы байқауға болады. Кейбір молекулалар ұзақ жарқырайды.

Бұл электрондардың метастибильді деңгейге келіп түсуінен пайда болатын құбылыс. Метастабильді деңгейлер қозған күй деңгейлерінен төмендеу орналасады.

Метастабильді деңгейлер  үстіңгі жақтардан толтырылып  отырады. Бұл жағдайда көптеген  молекулалар әдеттегі қозған  күйден метастабильді деңгейге  келіп орналасады.Бұл кезде ол  молекулалар өзінің энергиясының біразынан айырылып қалады       Молекулалар  метастибильді күйде  секундтен бүтін секундке дейін тұра алады. Осы уақыт ішінде молекулалардың өте жай жарқырауы байқалады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет