Қолдану:
Сыртқы
Ішкі
- 1 ас қасық. л – - 15 мл.
- 1 десен. л – - 10 мл.
- 1 шай қасық – 5 мл.- 1 мл.
су ерітіндісі = 20 тамшы- 1 мл.
май және алкоголь ерітіндісі = 50 тамшы.
Сулы ерітінділер технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:
Дайындық жұмыстары: 1)бақылау қағазын толтыру 2)көмекші және тығындау заттарын дайындау;
Еріткішті массамен немесе көлеммен алу және дәрілік затты өлшеп алу;
Еріту;
Сүзгілеу (фильтрлеу);
Қаптау;
Босатуға рәсімдеу;
Өнімнің сапасын бақылау;
Бақылаудын жазба түрін дайындау;
Стандартты ерітінділер Хлорсутек қышқылы, сутек пероксиді, Буров ерітіндісі, аммиак ерітіндісі, сірке қышқылы, калий ацетат сұйықтығы.
Химиялық атауы
|
Концентрациясы
|
Шартты атауы
|
Алюминий ацетат (негізгі) ерітіндісі
|
7,6-9,2
|
Буров сұйықтығы
|
Калий ацетаты ерітіндісі
|
33,0-35,0
|
Калий ацетат сұйықтығы
|
Концентрлі сутек асқын тотығы
|
27,5-30,1
|
Пергидроль
|
Сұйылтылған сутек асқын тотығы
|
2,7-3,3
|
Пергидроль
|
Формальдегид ерітіндісі
|
36,5-37,5
|
Формалин
| Микстуралар технологиясы. Микстуралар – құрамы күрделі ішке қолдануға арналған дисперсті ортасы тазартылған су болатын сұйықтықтар. Микстуралар дайындаудың тәсілдері
1-тәсілі: тек концентрлі ерітінділер қолдана отырып дайындау
2-тәсілі: концентрлі ерітінді мен құрғақ затты қолдана отырып дайындау
3-тәсілі: концентрлі ерітінді мен бірнеше құрғақ заттарды қолдана отырып дайындау
Технологиялық үрдісі
Босататын флаконға алдымен тазартылған су құйылады (фармацевтикалық үйлеспеушілікті болдырмау мақсатында), кейін ретімен концентрлі ерітінділерді қосып отырады. Бірінші – А тізіміндегі, кейін – рецептте көрсетілген қалған заттарды қосады.
Флакон қоңыр түсті болуы тиіс.
Сүзу қажетті жағдайда ғана орындалады (жаңа галенді заттарды қосқанға дейін).
Препараттың сапасын бақылау
Құжаттарын тексеру
Безендірілуін
Қатталу/орамдалуын, тығындалуын
Органолептикалық бақылау
Физикалық бақылау (ауытқуын тексереді)
Босату кезінде бақылау
Жоғарғы молекулалық қосылыстар ерітінділері. Коллоидты ерітінділер. Олардың технологиясының ерекшеліктері
ЖМҚ – молекулалық массасы 10000-нан аса заттар жатады.
Шектеусіз ісінетін ЖМҚ: пепсин, мия экстрактысы, красавка сияқты т.б. жатады
Шектеулі ісінетін ЖМҚ: крахмал, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұздары, поливинол т.б. жатады.
Коллоидты ерітінділер
Микрогетерогенді жүйелер.
Дисперсті фазасы – мицеллалар болып табылады.
Бөлшектер өлшемі 1-100нм шамасында.
Оларға жатады: колларгол, протаргол, ихтиол т.б.
Күлсіз қағазбен сүзеді, қоңыр түсті флаконға құяды.
Қорғалған коллоидтар ерітінділерінің сапасын тексереді: рецепт, ППК, қатталуы, безендірілуі, түсі, исі, мех. қоспалардың болмауына, көлемнен ауытқуын.
Суспензия дәрілік қалып ретінде
Суспензиялар – сұйықтықта өлшенген қатты заты бар дисперсті жүйелі сұйық дәрілік қалыптар. Бөлшектер өлшемі шамамен 0,1-100 мкм аралықта болады.
Көбіне ішке және сыртқа тағайындалады.
Сирек бұлшықетке, ішкі қуыстарға, кеуде қуысына енгізіледі.
Инъекция түрінде енгізілген суспензиялардың емдік әсері ұзақ болады. Паста тәрізді суспензиялар көптеп қолданыс табуда.
1. Б.А.Сағындықова, Р.А.Анарбаева «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» 2. Интернет желісі 3. Краснюк И.И. «Фармацевтикалық технология»
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |