3.6 тақырып Асқорыту жүйесінің патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері) 1. Дисфагия синдромы;
2. Асқазанның моторлы-эвакуаторлы функцияның бұзылу синдромы;
3. Диспепсиялық синдром;
4. Іштің ауырсыну синдромы;
5. Өңештен, асқазаннан және ішектен қан кету синдромы;
6. Асқорытудың және сіңірілудің бұзылу синдромы.
№ 4 практикалық сабақ Оқытушымен бірге білім алушы асқорыту жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тесек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Гастроэнтерология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.7 тақырып Бауырдың, өтқалта мен ұйқыбездің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері Сұрастыру. Оң қабырға астының ауырсынуы. Оның даму механизмі. Сипаттамасы, берілуі, ұзақтығы, пайда болу жағдайлары. Диагностикалық мәні.
Диспепсиялық белгілер: лоқсу, құсу, кекіру, іштің кебуі. Асқа тәбеттің бұзылуы, ауызда дәмнің бұзылуы, нәжістің өзгеруі.
Сарғаю. Терінің, сілемей қабаттың, зәрдің, нәжістің өзгеруі. Терінің қышуы.
Қарап тексеру. Тамақтанудың бұзылу деңгейі. Терінің жалпы жағдайы: тамырлы жұлдызшалар, ксантелизмдер, бауырға тән алақан, қанталау. Сарғаю. Сарғаюдың түрлері, даму механизмі. «Барабан таяқшалары» тәріздес симптомдар пайда болуы, гинекомастия, шаштың түсуі.
Құрсақты қарап тексеру. Іштің өсуі (құрсаққа су жиналу). Құрсақтың алдыңғы беткейінде веналық коллатеральдардың пайда болуы. Кіндік сақинасының жағдайы.
Пальпация. Бауырды пальпациялау әдістемесі. Бауырдың жиегі (қыры), пішіні, тығыздығы (жұмсақ, қатты). Бауырдың беткейі, тегіс, бұдырлы, дәнді. Ауырсынуы. Асцит кезінде бауырға пальпация жасау әдісі.
Өтқалта. Өтқалтаны пальпациялау әдісі, оның үлкейгендігі жайында пальпация арқылы алынатын мәліметтер (тығыздығы, ауырсынуы). Көкбауыр пальпациясы. Пальпация әдісі және оның үлкейгендігі жайында пальпация арқылы алынатын мәліметтер.
Іш перкуссиясы. Перкуторлы дыбыстың өзгеруі. Асцитті анықтау. Бауырдың нақты тұйық шекарасын перкуссия арқылы анықтау. Курлов бойынша бауырдың өлшемдері. Көкбауыр перкуссиясы.
Аускультация. Оң және сол жақ қабырға асты аймақтарында ішастар үйкелісінің шуларын анықтау. Диагноститкалық мәні.
Бауыр мен өтқалтаны зерттеудің қосымша әдістері.
Пигмент алмасуының, май алмасуының, көмірсу және нәруыз алмасуының керсеткіштерін анықтау. Ферменттерді зерттеу.
Ұлтабарды сүңгілеу. Диагностикалық мәні. Зерттеудің аспаптық әдістері туралы түсінік: бауыр пункциясы, лапороскопия, ультрадыбыстық әдіс. Бауыр қызметін радиоизотопты әдіспен зерттеу. Бауыр мен өтқалтасын сканерлеу. Өтқалтаны рентгенологиялық зерттеу: холецистография, холеграфия, холангиография, спленопортография, антиография және компьютерлі томография туралы жалпы түсінік.
Ұйқыбезді зерттеу әдістері
Сұрастыру. Ауырсыну, оның даму механизмі, сипаттамасы, орналасуы, берілуі. Басқа да клиникалық белгілері
Қарап тексеру. Іш пальпациясы мен перкуссиясы. Бұл әдістердің диагностикалық мәні.
Ұйқыбезді зерттеудің қосымша әдістері.
Копрологиялық зерттеудің мәні. Амилазаның қандағы, зәрдегі белсенділігін анықтау.